Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Delta Bank» және «Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) кепілдік берілген өтемді төлеудің электрондық порталының мүмкіндіктерін кеңейтуде. «Delta Bank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ-та ашылған шоттардың, карточкалардың және депозиттердің иелері кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндікке «Қазинвестбанк» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары ие болған еді.


Салымшылар өтініш бергенге дейін ең алдымен порталда кепілдік берілген өтемнің сомасын тексеріп, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген, тарату үдерісіндегі банктерде өтем сомалары бар болған жағдайда, оларды алуға ортақ бір өтініш бере алады. Бұл үшін салымшыда - шоттың, карточка және депозит иесінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек. Одан әрі ол бейне (биометриялық сәйкестендіру) немесе SMS-код арқылы қос факторлы анықтап тану жүйесінен өтеді. Бұл ретте SMS-кодты алу үшін салымшылардың ұялы телефондары мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет. Толық нұсқаулық порталда қолжетімді.


«Delta Bank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері және өзге де құқық иеленушілері өтем алу үшін жазбаша өтінішпен агент банктерге: сәйкесінше «Банк ЦентрКредит» АҚ және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ға жүгінеді.


Төлемдердің электрондық порталы сынамалы режімде жұмыс істейді және Қор оны жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Салымшылар төлемдердің электрондық порталының жұмысы бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын kdif@kdif.kz электрондық поштасына жібере алады. Қор осылайша белсенділік танытқан салымшыларға ризашылығын білдіреді.