Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Дәлелді себептер бойынша» өтем төлеу туралы ең қажетті мәліметтер

Бір жыл - егер салымшының ақша салған банкі лицензиясынан айырылса, ол төлем басталған күннен бастап, дәл осы кезең ішінде депозиті бойынша өтем алуға өтініш бере алады. Бұл мерзім заң жүзінде белгіленген. Егер сіз бұл мерзімді қандай да бір себеппен өткізіп алсаңыз не істеуге болады? Ақшаңыздың тағдыры ше? Оны қайтарып алуға мүмкіндік бола ма? Жауап беруге кірісейік.


Ең алдымен салымшы өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайда оның өтем ақшасының жағдайы не болатындығын айқындап алғанымыз жөн.   


Төлем мерзімі аяқталған соң, салымшының талап етпеген өтем сомасы оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.


Бұл ретте салық заңнамасына сәйкес салымшының зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылған, талап етпеген сомасына салық салынбайды. Бұл қаражат басқа зейнетақы жарналары секілді инвестицияланады.

    

Атап өту керек, талап етілмеген өтем ақшаны БЖЗҚ-ға аудару үшін салымшы тарапынан ешқандай іс-әрекет қажет емес. Төлем мерзімі аяқталған соң, күнтізбелік 30 күн ішінде екі қор арасында салымшы туралы деректер өзара салыстырылып, тексеріледі және өтем ақша салымшының жеке зейнетақы шотына аударылады. Бұл норма Депозиттерге кепілдік беру туралы заңда қарастырылған. ҚДКБҚ өз кезегінде өтем төлеу мерзімі аяқталуға 30 жұмыс күні қалғанда БАҚ, өзінің сайты мен әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары арқылы салымшыларды төлем мерзімінің аяқталу күні мен талап етілмеген соманың БЖЗҚ-ға аударылатыны туралы хабардар етеді.


Егер кепілдік берілген өтем БЖЗҚ-ға аударылып кеткен болса, оны алуға бола ма?


Егер салымшы өтем төлеуге өтініш беру мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған болса, ол тиісті өтінішпен ҚДКБҚ-ға жүгіне алады. Бұл оның белгіленген мерзім ішінде өтініш беруге кедергі келтірген дәлелді себептерді растайтын құжаттары болуы тиіс. Мұндай мән-жайлар Депозиттерге кепілдік беру туралы заңда нақты көрсетілген.  


Айталық, дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады:

1) кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі барысында салымшының әскери қызметке орналасуы;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы;

3) салымшының мұрасын қабылдау және мұраны иемдену немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

4) салымшының бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

5) сот анықтаған өзге де мән-жайлар.


Өтінішті қандай мерзім ішінде беруге болады?


1) банк бойынша тарату үдерісі толығымен аяқталғанға дейін, яғни банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін;

2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Әлеуметтік кодексте көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.


Өтінішті қандай жолдармен беруге болады?


Дәлелді себептер бойынша өтем алуға өтінішті арнайы нысан бойынша толтыру қажет. Оны сайтынан көшіріп алуға болады.


Салымшы немесе оның заңды өкілі өтініш нысанын қолмен толтырып, оған дәлелді себептердің бар екендігін растайтын құжаттарды және өтемді алу құқығын белгілейтін (бар болса) өзге де құжаттарды қоса тіркейді. Құжаттар топтамасын мына мекенжайлардың бірі бойынша тікелей ҚДКБҚ-ға әкеліп тапсыру керек:


·        Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 4 қабат;

·        Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабуддлин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе.


Сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ-ның осы жоғарыда көрсетілген пошталық мекенжайларына да жолдауға болады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.


ҚДКБҚ салымшыдан өтініш пен растаушы құжаттарды алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өтем ақшаны оның өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады немесе себептерін көрсете отырып, өтем төлеуден бас тартады.


ҚДКБҚ сайтында кепілді өтемді алуға қажетті құжаттардың тізімімен танысып шығуға болады.

 

Еске саламыз, төлем мерзімі аяқталған соң, салымшының талап етпеген ақшасы БЖЗҚ-ға аударылып кетсе де, оны алу үшін ҚДКБҚ-ға өтініш беруге болады. Мұндай жағдайда дәлелді себеп расталса, Қор БЖЗҚ-ға тиісті мағлұмдама жолдайды. Оны алған соң, БЖЗҚ аударылған ақшаны ҚДКБҚ-ға кері қайтарады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметіне әсер ететін сыртқы мән-жайлардың салдарынан салымшының талап етпеген өтем ақшасы есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы азайып кетсе, ҚДКБҚ депозиторлар тізілімінің деректеріне сәйкес арнайы резервтің есебінен салымшыға кепілді өтемді толық көлемде өтейді.


Егер төлем мерзімін өткізіп алған салымшының дәлелді себебі жоқ болса, ол БЖЗҚ-дағы ақшасын қашан алады?    


Бұл жағдайда салымшы ақшаны Әлеуметтік кодексте көзделген тәртіп пен мерзім ішінде алады. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға мына тұлғалар мыналар:


·        елу жасқа толған;

·        мүгедектігі бар адам болып табылатын;

·        егер заңдарда және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жайттар көзделмесе, Қазақстаннан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

 

Төлем мерзімі аяталған соң, кепілді өтемді алуға қатысты сұрақтар бойынша қайда жүгінуге болады?


Кепілді өтемді төлеуге қатысты кез келген сұрақтар бойынша 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға және info@kdif.kz поштасына немесе @kdif_ask Telegram-чатына сауал жолдауға болады.