Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Capital Bank Kazakhstan»-ның 40 мыңнан астам салымшысы ҚДКБҚ-нан зейнетақы шоттарына кепілдік өтемақысын алды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКБҚ) таратылатын «Capital Bank Kazakhstan» АҚ 40 мыңнан астам салымшысының кепілдік өтемақысының талап етілмеген сомасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы шоттарына аударды.


«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына төлемдер ағымдағы жылдың 3 шілдесінде аяқталды. Бір жыл ішінде ҚДКБҚ банк салымшыларына кепілдіктің жалпы сомасының 92%-дан астамын өтеді, бұл шамамен 1,6 млрд теңгені құрайды.


Кепілдіктің қалған бөлігі талап етілмей қалды, себебі кейбір салымшылар төлем мерзімі ішінде өтемақы алуға өтініш бермеген. Негізінен азғантай сомалар қалды. Олар «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сәйкес БЖЗҚ-ға төлем мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2022 жылдың 2 тамызына дейін аударылды.


Кепілдік өтемінің талап етілмеген сомасын БЖЗҚ-ға аудару дербес деректері БЖЗҚ дерекқорында бар ақпаратқа сәйкес келетін салымшыларға жүргізілді. Сондай-ақ салымшының жеке басын куәландыратын жарамды құжаты және жинақтары бар зейнетақы шоттары болуы қажет еді.


Ағымдағы жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша ҚДКБҚ-нан ерікті зейнетақы жарналары түрінде 41 134 банк салымшысының жеке зейнетақы шоттарына 90 млн теңгеге жуық қаражат түсті. Қаражаттың түсуін БЖЗҚ сайтынан және мобильді қосымшасынан, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталынан тексеруге болады.


«Төлем мерзімі өткеніне қарамастан, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары, оның ішінде талап етілмеген кепілдік сомалары БЖЗҚ-ға аударылған тұлғалар ақшаны қайтару туралы өтініш беруге құқылы екенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай құқықты дәлелді себептермен белгіленген төлем мерзімінде кепілдік өтем алуға өтініш беруге уақыты болмаған салымшылар пайдалана алады. Ол үшін салымшыға ҚДКБҚ сайтында орналастырылған арнайы өтініш формасын толтыру қажет. Сондай-ақ салымшы төлем мерзімі ішінде кепілдік өтемақыны төлеуге өтініш беруіне кедергі болған жағдайларды растайтын құжаттарды қоса беруі қажет», - деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.


Мұндай мән-жайлар тізбесіне мыналар жатады: салымшының әскери қызметке алынуы, салымшының Қазақстан Республикасынан тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдауы және мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептер, сондай-ақ басқа да сот белгілеген мән-жайлар.


Салымшы сонымен қатар құжаттарды ҚДКБҚ пошталық мекенжайына жібере алады. Жіберер алдында ол өтініштегі қолтаңбаларды міндетті түрде нотариалды куәландыруы керек. ҚДКБҚ дәлелді себептермен төлем жасауға өтініштер банкті таратудың бүкіл үдерісі аяқталғанға дейін немесе егер оның сомасы БЖЗҚ-ға аударылған болса, салымшы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы болғанға дейін қабылданатынын атап өтеді.


Толық ақпаратты 1460 тегін қысқа нөмірі, www.kdif.kz сайтынан алуға болады, сонымен қатар info@kdif.kz электронды поштасына сұрау жіберуге немесе @kdif_askTelegram чатында сұрақ қоюға болады.