Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ-та шоттары, карточкалары мен депозиттері бар салымшылардың 2021 жылдың 07 желтоқсанынан бастап, кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн беруге мүмкіндік алатындықтарын хабарлайды.  


Бұған дейін мұндай мүмкіндік «Қазинвестбанк» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Delta Bank» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына берілген болатын. Салымшылар өтініш бермес бұрын, портал арқылы кепілдік берілген өтем сомасын тексеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар жоғарыда атап көрсетілген, таратылу үдерісіндегі бірнеше банкте өтем сомасы бар болған жағдайда олар бойынша ортақ бір өтініш бере алады. Бұл үшін салымшыда – шоттың, карточканың және депозиттің тікелей иесінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек. Әрі қарай ол міндетті түрде бейне (биометриялық сәйкестендіру) немесе SMS-код арқылы қос факторлы анықтап тану рәсімінен өтеді. Бұл ретте SMS-кодты алу үшін салымшылардың ұялы телефондары мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек. Толық нұсқаулық порталда (https://clients.kdif.kz) қолжетімді.


Айта кетелік, кепілдік берілген өтемді төлеу төлем басталған күннен бастап (соңғы күнін қоса алғанда «Tengri Bank» АҚ – 2022 жылдың 1 мамырына дейін және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ – 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін), бір жыл бойы жүзеге асырылады. Төлем мерзімі аяқталған соң, салымшылардың талап етпеген өтем сомалары олардың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тағы жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.


Назар аударыңыздар, төлемдердің электрондық порталымен қатар 2021 жылдың 07 желтоқсанынан бастап, бұған дейін «Еуразиялық банк» АҚ-тың жазбаша өтініштерді қабылдау бойынша уақытша тоқтатылған жұмысы қайта жалғасады.


«Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері және басқа да құқық иеленушілері кепілдік берілген өтемді алу үшін «Еуразиялық банк» АҚ-қа жазбаша өтінішпен жүгінулері тиіс.


Төлемдердің электрондық порталы сынамалы тәртіпте жұмыс істеуде және оны әрі қарай жетілдіру жұмыстары жалғасады. Салымшылар төлемдердің электрондық порталының жұмысы бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын kdif@kdif.kz электрондық поштасына жібере алады. Қор белсенділік танытқан салымшыларға ризашылығын білдіреді.