Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Банктік депозиттер туралы: түрлері және сақтандырылуы

Көпшілігіміз көп ақша табуды жиі ойлайтынымыз анық. Жылжымайтын мүліктерді қайта сату, қосалқы жалға беру, бағалы қағаздарды немесе алтын сатып алу – әдістері көп-ақ. Бірақ солардың ішінде ең тартымдысы әрине, банк депозиті. Ол да сақтау мен молайтудың анағұрлым сенімді.    


ҚДКБҚ жіктеуі бойынша салымдар үш түрге бөлінеді:


  • жинақ;

  • мерзімсіз;

  • мерзімді.


Олар бір-бірінен сыйақы мөлшерлемесі, мерзімі және қаражатты басқару талаптары бойынша ерекшеленеді. Әрқайсысына тән мақсатты өлшемшарттары бар. Енді жинақ салымынан басталық. Депозиттердің бұл түріның сыйақы мөлшерлемесі ең жоғары және қаражатты жинау мен молайтудың тиімді әдістерінің бірі. Өздерінің жинақ ақшаларын ұзақ мерзімге салуды жоспарлаған және оларды мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы. Егер салымшы ақшасын мерзімінен бұрын алатын болса, оған банкке өтініш жасағаннан кейін 30 күннен соң ғана қол жеткізе алады. Бұл ретте есептелген сыйақыдан толығымен дерлік айырылады.   


Айтпақшы, сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзімі мен толықтыру мүмкіндігіне тәуелді. Банктер мөлшерлемелерді өздерінің ішкі депозиттік саясатына сәйкес белгілейді.


Әдетте үстінен ақша салуға болатын жинақ салымның сыйақысы ақша салуға болмайтын жинақ салымға қарағанда төмендеу болады.


Енді қазақстандықтар арасында ең танымал салым түріне өтеміз. Бұл мерзімсіз депозит. Икемді депозитті қалайтындар салымның осы түрін таңдайды. Яғни клиент депозитіне кез келген сәтте қол жеткізе алады. Мерзімсіз салым бойынша толықтыру және мерзімінен бұрын алу (азайтуға болмайтын қалдық ақшаға дейін) бойынша шектеулер жоқ.


Мерзімсіз салымдардың тиянақты мерзімі бар және сол мерзімге сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді. Егер салым ұзақ мерзімге ашылатын болса, оның сыйақы мөлшерлемесі төмен болуы мүмкін.


Белгілі бір мерзімге ашылғанына қарамастан, мерзімсіз салымнан ақшаны кез келген уақытта ала беруге болады. Есіңізде болғай, егер салымыңыздан қомақты ақша алатын болсаңыз, бұл үшін банкке алдын ала ескертуіңіз қажет болады (банк жеті күн ішінде ақшаңызды қайтарады).


Ал әрі жоғары табыс алуды әрі қалаған уақытында белгілі бір мөлшерде шотынан ақша алып тұруды көздейтін салымшылар үшін ең қолайлысы мерзімді депозиттер. Бұл салымдардан мерзімінен бұрын ішінара немесе толықтай ақша алған жағдайда сыйақының белгілі бір бөлігі жойылады. Бірақ шот жабылмайды.


Клиенттер банкте салым ашар сәтте банктің шартта ұсынатын талаптарын мұқият зерделеп, ақша сақтаудың ең бір қолайлы тәсілін таңдауы тиіс. Еске саламыз, қазақстандықтар 2023 жылдың екінші жартысынан бастап, банк салымы шартын жасасқанға дейін-ақ өзінің ашатын шоты немесе салымы туралы маңызды ақпараттарды алдын ала көре алады және оған банкке қалай өтініш жасағанына қарамастан (онлайн – мобильді қосымша/банк сайты жазбаша – оның бөлімшелері арқылы) қол қояды.


Банктер шарт жасасу алдында салымшыларды оларды таңдаған салымның маңызды талаптары мен ерекшеліктері жайында кестелі сипатта ұғынықты етіп түсіндіруге міндетті. Онда банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшыларға берілетін максималды кепілдік сомалары да көрсетіледі:  


  • 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;

  • 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;

  • 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.


ҚДКБҚ өз сайтында «Депозиттер және кепілдік» бөлімінде калькулятор орналастырылған. Соның көмегімен салымшы мына келтірілген жағдайларды ескере отырып, өзінің депозиті бойынша кепілді өтемді оңай есептей алады.   


Депозиттер бойынша кепілдік беру және банк лицензиясынан айырылған жағдайда өтем төлеу тәртібі туралы толыққанды мағлұматтармен ҚДКБҚ kdif.kz сайтынан, сондай-ақ соған қатысты сұрақтарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.


Сондай-ақ мына мақаланы оқыңыздар: Банктегі салымды мерзімінен бұрын қалай алуға болады?