Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Банктердің жарналарының сараланған мөлшері моделін енгізу жөнінде Қазақстан тәжірибесі Моңғолияда өткен халықаралық семинарда жоғары бағаға ие болды

2023 жылдың 28-29 маусымы аралығында Улан Батор (Моңғолия) қаласында Депозиттерді сақтандырушылардың Еуразиялық аймақтық комитетінің жыл сайынғы отырысы және «Жарналардың сараланған мөлшерлемелерін енгізу» атты халықаралық семинар болып өтті. 


Депозиттерді сақтандырушылар халықаралық қауымдастығының (IADI) Еуразиялық аймақтық комитеті Қазақстанды қосқанда, осы аймақтың 10 елінің салымдарға кепілдік беру бойынша ұйымдарының жетекшілерін біріктіреді. Комитеттің жыл сайынғы отырысында өткен кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижелері және алдағы үш жылға арналған Стратегиялық іс-әрекет жоспары талқыланды. Аталмыш жоспар осы аймақта салымдарды сақтандыру жүйесі саласындағы озық тәжірибелерді енгізуді, аймақтық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын, сондай-ақ Еуразия аймағында қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы реттеушілерімен арадағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шараларды қамтиды. 


1.jpg


«Жарналардың сараланған мөлшерлемелерін енгізу» атты халықаралық семинарға айрықша көңіл бөлінді. Оған аймақ өкілдері ғана емес, Еуропа және АҚШ-тан да әріптестер қатысты. IADI-дің Негізге алынған қағидаларына сәйкес, кепілді өтемді төлеуге арналған резерв жинақтаушы негізде қалыптасады және ол негізінен депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары есебінен құралады. Бұл ретте жарналардың сараланған жүйесін пайдалану – әлемдегі ең озық тәжірибе және ол депозиттерді сақтандырушылар үшін «бэнчмарк» болып табылады. 


2.jpg


Семинар барысында ҚДКБҚ өкілі Бауыржан Тинасилов банктерді бағалау моделін енгізудің қазақстандық тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. ҚДКБҚ жарналардың сараланған мөлшерлемесі жүйесін 2007 жылдан бері пайдаланып келеді. Ол 2021 жылы жаңартылған және банктердің сараланған дәрежесіне, жарналар мөлшерлемелерінің шынайы шәкіліне және бағалау нәтижелерінің тұрақтылығына ие. ҚДКБҚ пайдаланатын модель қатысушы банктердің қаржылық ахуалы мен қабылдайтын тәуекелдеріне қарай, олардың жарналарының мөлшерлемелерін әділ түрде есептеуге мүмкіндік береді.


«Әдіснамамызды жетілдіру және одан әрі дамыту, сондай-ақ банктердің қызметтерінің тәуекелдерін шынайы бағалау мақсатында ҚДКБҚ соңғы бірнеше жыл барысында қатысушы банктердің қаржылық ахуалын бағалау моделін сапалы түрде қайта қарау жұмыстарын жүргізіп келді, - деді өз сөзінде ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев, - депозиттерді шетелдік сақтандырушылардың қазақстандық тәжірибені басшылыққа алатыны бізді қуантады. Бұл біздің атқарған жұмыстарымыздың деңгейінің жоғары екендігін білдіреді. Бұл ретте біз үшін мұндай іс-шараларға қатысу – моделімізді одан әрі дамыту мақсатында банктерді бағалау әдістемесіне қатысты шетелдік тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді».      


Сонымен қатар 28 маусымда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Моңғолияның Салымдарды сақтандыру жөніндегі корпорациясы арасында «Өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылды. Құжатта осы екі ұйым арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың негізгі сипаттары мен бағыттары қарастырылған. 


3.jpg