Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстандықтар депозитті таңдау және ҚДКБҚ кепілдіктері туралы не біледі?

Қазақстандықтар ақша жинау үшін депозит ашу барысында нені басшылыққа алатындығы, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы хабардарлық деңгейін анықтау үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) бірлесіп, сауалнама жүргізді.


2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында 14 банктің сайттарында барлық ниет білдірушілерге онлайн-сауалнамаға қатысуға мүмкіндік берілді. Биыл сауалнамаға еліміздің 128 қаласы және басқа да елдімекендерден барлығы 2 773 адам қатысты. Қатысушылардың жас деңгейі 16 жастан 79 жас аралығында болды.


Сауалнама деректері:

  • жауап берушілердің 92%-ы депозит ашатындықтарын білдірген, оның ішінде 19%-ы сыйақысы жоғары, мерзімінен бұрын алуға болмайтын жинақ салымдарды ашқанды қалайды, ал 73%-ы сыйақысы төмен, бірақ кез келген уақытта үстінен ақша салуға және ақша алуға болатын депозит ашуды жөн санайды;
  • жауап берушілердің 6%-ы артық ақшаға валюта сатып алады;
  • жауап берушілердің 2%-ы ақша жинамайды немесе оларды карточкаларында қалдырады.


Депозит ашатын қазақстандықтардың ішінде жауап берушілердің 22%-ы депозит түрін таңдағанда жоғары сыйақы мөлшерлемесіне көп көңіл бөледі. Бұл ретте жауап берушілердің 63%-ы үшін депозитті толықтыруға және одан керек кезінде ақша алуға болатындығы – ең басты шарт болып табылады. Бұл ресми статистика бойынша да расталып отыр. Қазіргі уақытта мерзімсіз салымдардың саны басымдыққа ие. Олардың үлесі жеке тұлғалардың жиынтық депозиттерінің 62%-ын құрайды[1].


Жауап берушілердің 36%-ы үшін банкті таңдаудағы ең негізгі фактор - депозит бойынша жоғары мөлшерлеме. Алайда жоғары сыйақы мөлшерлемесі әдетте жинақ салымдарға тән. Ал жинақ салымдардан мерзімінен бұрын ақша алуға болмайды. Яғни, қазақстандықтардың бір жағынан депозит бойынша жоғары мөлшерде сыйақы алсам және екінші жағынан тиімді депозит түрін таңдасам деген ниетінде қарама-қайшылық бар. Бұл шамамен салымшылардың депозит түрлерінің ерекшеліктерін түсінбегендіктерінен туындайды. Соның салдарынан олар ақша салу барысында салымды дұрыс таңдамайды. Мерзімсіз салымдар – инфляцияны басып озатын, қосымша табыс алуды көздемейтін транзакциялық (төлемдер, аударымдар); мерзімді және жинақ салымдар – Қор аясында қаражатты еселендіруді көздейтін, тәуекелі төмен, ақшаны тиімді жинауды қамтамасыз ететін өнімер.


Қазақстандықтар банкті таңдау барысында нені басшылыққа алатындығы туралы сұраққа берілген 3 танымал жауаптар мыналар:

  • «ыңғайлы мобильді банкинг»;
  • «банктің беделі»;
  • «рейтингтік агенттіктердің бағалары».


Бірінші жауап – транзакциялық мақсатты көздейтін, мерзімсіз салымдарды таңдау барысында айқындаушы фактор болып табылады. Жоғарыда келтірілген, табыстылық мөлшерлемесіне байланысы жоқ жауаптардың сүбелі жиынтық ықпалы (43%), жеке тұлғаларға арналған қазақстандық депозиттік өнімдер нарығының жұмысында бағадан тыс факторлардың үлкен рөл атқаратындығын көрсетеді. Бұл жағдай салымдар бойынша жоғары мөлшерлемелерді ұсыну, оның ішінде мөлшерлемелерді ақша-несие саясатының талабы мен инфляцияға ыңғайластыру арқылы айқын емес бәсекелестікке әкеп соғады.


О«Банктің беделі» және «Рейтингтік агенттіктердің бағалары» деген жауаптарға қатысты айтар болсақ – бұл жерде халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жүргізген ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарының нәтижесі зор деп айтуға болады. Одан басқа Қор өзінің ресми сайтындағы «ЕДБ рейтингі» парағында (www.kdif.kz) банктердің рейтингі туралы ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді ай сайын жариялап отырады. Қаржылық ақпараттарды пайдаланушы білікті мамандар үшін Қор сайтында банктердің тәуекелдерін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме орналастырылған (www.kdif.kz). Соны және өзге де бірқатар ашық деректерді негізге ала отырып, банктің сенімділігі туралы дұрыс пікір қалыптастыруға болады.


Банктің сенімділігіне қатысты ықтимал тәуекелдерді депозиттерге кепілдік беру жүйесі өз жауапкершілігіне алады. Банктер салымшыларының 63%-ы заң барлық қазақстандықтарға банктердегі жинақ ақшаларына қатысты қорғау құқығын беретіндігін жақсы біледі. Жауап берушілердің сол шамалас пайызы кепілдік нысандарын біледі, бұл ретте 35%-ы салымдар бойынша сыйақыларға және карточкалардаға ақшаларға кепілдік берілмейді деп санады. Бұл әрине, қате пікір. Демек, Қор банк секторының барлық мүдделі қатысушыларымен бірлесе отырып, белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.


Жалпы сауалнама нәтижесі жауап берушілердің депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы хабардарлығының жоғары деңгейде екендігін паш етті: 70%-ы депозиттерге кепілдік берілген максималды сомалар туралы, оның ішінде жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген соманың жоғары екендігін, 76%-ы кепілдік берілген өтемді Қор төлейтіндігін, 68%-ы кепілдік берілген өтемнің ұлттық валютада төленетіндігін жақсы біледі.


Сауалнама нәтижесі тағы да халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу керектігін көрсетіп берді. Ол әрине, жеке қаржыны басқару, ақша жинау мен оны тұтынудың ара-қатынасын оңтайландыру, тәуекелдерді бағалау, ақшаны инвестициялауда парасатты шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ әр түрлі қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдаланғанда қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығы азаматтардың қаражаттарының экономиканы дамытуға жұмсалуына, қаржы нарығында бәсекелестіктің дамуына және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.


Қор сауалнама өткізу туралы бастамаға қолдау көрсеткен мына банктерге алғыс білдіреді: «Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Отбасы Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ, «Bank RBK» АҚ және «Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ.


Еске саламыз, депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібі туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, @kdif_ask телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.







[1] жеке тұлғалардың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерінің жалпы көлемінен, оның ішінде талап етілмелі депозиттер, ағымдағы шоттардағы қалдықтар және сыйақысы мемлекет тарапынан қаражаттандырылатын депозиттер