Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстандағы депозиттердің аймақ елдеріне қатысты алғандағы кепілдік деңгейі

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылғалы бері 25 жыл ішінде қорғаныс деңгейі 100 есе артты


1999 жылы Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылған кезде жеке тұлғалардың салымдары максималды сома – 200 мың теңгеге қорғалған болатын. Содан бері 25 жыл ішінде максималды кепілдік сомасы 6 рет қайта қаралды. Қазіргі уақытта Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) қазақстандықтардың әрбір банктегі жинақ ақшаларын мына максималды сомаларға дейін қорғайды:


  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,

  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңгені,

  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.


Егер салымшының бір банкте әртүрлі бірнеше депозиті және солардың арасында жинақ салымы да бар болса, Қордың жиынтық кепілдігі салымшының әрбір салымы бойынша белгіленген максималды кепілдік сомасы есепке ала отырып, 20 млн теңгені құрайды және одан асырылмайды.


Осы максималды сомаларды ескерсек, қазақстандықтардың депозиттерінің 99,8%-ы толық көлемде қорғалған. Бұл көрсеткіш халықаралық ұсынымдарға сәйкес келеді – 95%-дан асады және Еуропалық одақтың деңгейінде.


ҚДКБҚ таратылу үдерісіндегі тоғыз банктің салымшылдары алдындағы өз міндеттемелерін орындады, барлығы 114 млрд теңге төленді. Салыстырар болсақ, Ресей Федерациясында ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша максималды кепілдік сомасы 13 рет өзгерді, 2004 жылдың басында 100 мың рубль болса, қазір 1,4 миллион рубльге дейін өсті. Сондай-ақ 2020 жылдан бастап ресейлік банктердің салымшылары шоттарында сақтандыру күніне қарай ерекше мән-жайларға, мысалы жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен ақшалары бар болған жағдайда, олар Салымдарды сақтандыру бойынша агенттіктен көтеріңкі мөлшерде – 10 млн рубльге дейін сақтандыру өтемін алу құқығына ие болды.


Армения Республикасында 2005 жылы ұлттық валютадағы салымдар бойынша максималды кепілдік сомасы 2 млн драмды, ал валюталық депозиттер бойынша 1 млн драмды құрады. Салымдарды өтеу деңгейі 5 рет қайта қаралды және бүгінде Арменияның салымдарды сақтандыру қорының максималды кепілдік сомасы сәйкесінше 16 млн және 7 млн драмды құрайды.


Белоруссияда сақтандыру өтемі жеке бір тұлғаның бір банкте салымның санына, түріне және қай валютада ашылғандығына қарамастан, әрбір салым сомасының 100%-ы мөлшерінде төленеді. Депозиттерді толығымен өтеу қағидаты 2008 жылы салымдарды сақтандыру жүйесі құрылған сәттен бастап белгіленді. Осы кезең ішінде Жеке тұлғалардың банктік салымдарын (депозиттерін) кепілді өтеу бойынша агенттігі 32 дәрменсіз банктің салымшыларына өтем төледі. Түркіменстанда да 100% өтеу қағидаты қолданылады.  


Қырғызстанда салымдарды сақтандыру жүйесі құрылған сәттен бері салымдарды өтеу деңгейі үш рет қайта қаралды. Бастапқы максималды кепілдік сомасы 100 сомды құраған еді. Бүгінде Депозиттерді қорғау агенттігі 1 млн сомға дейінгі салым сомасына кепілдік береді.  


Өзбекстанда 2009 жылдан бері салымдарға 100%-ға дейін кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп келді. Бұл шара әлемдік қаржы дағдарысына байланысты енгізілген болатын. 2025 жылдың 16 ақпанынан бастап банк салымдарын сақтандырудың жаңа қағидалары күшіне енді: қазіргі уақытта максималды кепілдік сомасы 200 млн сомды құрайды.


Әзірбайжанда 2023 жылдың шілдесінен бастап, Салымдарды сақтандыру қорының максималды кепілдік сомасы салымның валютасына қарамастан, 100 мың манатты құрайды.


Рисунок2.png


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Қазақстанның Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Ол отандық банктердің салымшыларының жинақ ақшаларын қорғау мақсатында құрылған. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ оның салымшыларына-жеке тұлғаларға кепілді өтем төлейді (қазіргі уақытта екінші деңгейдегі тоғыз банкте тарату үдерісі жүргізілуде, олардың қатарында Tengri Bank, Capital Bank Kazakhstan, Asia Credit Bank және Астана Банкі бар).


Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз: www.kdif.kz, 1460 (қоңырау шалу тегін).


2025 жыл, 2 сәуір