Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Астана Банкі» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн бере алады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) кепілдік берілген өтемді төлеудің электрондық порталының мүмкіндіктерін кеңейтуде. 21 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, «Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алуға өтінішті онлайн түрінде бере алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндікке «Қазинвестбанк» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ салымшылары ие болған еді.


Салымшылар өтініш берместен бұрын, порталдан алуға болатын өтем сомасын алдын ала тексере алады. Егер жоғарыда көрсетілген, тарату үдерісіндегі банктерде өтем сомасы бар болса, оларды бір өтінішпен алуға мүмкіндіктері бар. Бұл үшін салымшыда - шоттың, карточка және депозит иесінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек. Одан әрі ол бейне (биометриялық сәйкестендіру) немесе SMS-код арқылы қос факторлы анықтап тану жүйесінен өтуі тиіс. Бұл ретте SMS-кодты алу үшін салымшылардың ұялы телефондары мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет. Салымшы сонымен қатар жеке кабинет арқылы өтінішінің орындалу барысын өз бетімен қадағалай алады. Толық нұсқаулық порталда (https://clients.kdif.kz) қолжетімді.


Назар аударыңыздар, төлемдердің электрондық порталымен қатар 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері арқылы «Астана Банкі» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан өтініш қабылдау жұмысы одан әрі жалғасады.


«Астана Банкі» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері және өзге де құқық иеленушілері өтем алу үшін жазбаша өтінішпен агент банкке: «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне жүгінеді.

Төлемдердің электрондық порталы сынамалы, яғни пилоттық режімде жұмыс істеуде. Оны әрі қарай жетілдіру жұмыстары жалғасады. Сондықтан салымшылар төлемдердің электрондық порталының жұмысы бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын kdif@kdif.kz электрондық поштасына жібере алады. Қор белсенділік танытқан салымшыларға ризашылығын білдіреді. Салымшылар сондай-ақ 1460 қысқа нөмірі арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, сұрақтарын қоя алады (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша жұмыс күндері таңғы сағат 09:00-дан 18:30-ға дейін).