Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ тарату комиссиясын құру туралы

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі 2021 жылғы 22 шілдеде заңды күшіне енді. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк мүліктерін және істерін басқару бойынша тарату комиссиясын құрды.

Тарату комиссиясы банк шоттары бойынша банк клиенттері-жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер кредиторларының талаптарын Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар талаптарының тізіліміне дербес енгізеді. Мұндай талаптарды енгізу туралы ақпарат әрбір кредитордың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін көрсете отырып, жазбаша нысанда банк кредиторларының назарына жеткізіледі.

Бұл ретте кредиторлар тарату комиссиясына өтініш жүгінуге құқылы. Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – баспасөзде «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. Өтініш еркін жазбаша түрде «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ тарату комиссиясы төрағасы М.Б. Саттыбаевтың атына жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жіберіледі.

Кредиторлардың талаптарында:

кредитордың аты-жөні, ЖСН-ы;

кредитордың пошталық деректемелері, байланыс телефондары;

қойылған талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса беру арқылы негізгі борыштың мөлшері сыйақылар, тұрақсыздық айыптары және басқа да айыппұл санкциялары туралы мәліметтер,көрсетіледі.

Талап қою барысында кредитор жеке куәлігін ұсынады, ал оның мүдделерін басқа тұлғалар білдірген жағдайда – нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесі ұсынылады.

Депозитінде кепілдік берілген сомадан артық қалдығы бар және тарату комиссиясына өтініш берген салымшылардың (жеке тұлғалардың) талаптары банктің активтері мен мүліктерін сату нәтижесі бойынша төртінші кезек тәртібімен өтеледі. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері тарату өндірісінде банктің активтері мен мүліктерінің жеткіліктілігіне және сапасына, сондай-ақ оларды сату нәтижесіне тікелей тәуелді.

Банктің тарату комиссиясының жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша cc@asiacreditbank.kz электрондық поштасы арқылы, 8(727)327 88 18, 8(778)426 36 90 байланыс орталығының және келесі өңірлік өкілдердің нөмірлері арқылы хабарласу қажет:




Орналасқан жері


Байланыстар


1


Нұр-Сұлтан қ.


Бердікулова Ақмарал Әбдібекқызы, 8 (776)192 28 38


2


Ақтау қ.


Мырзабек Мұрат Түркменбайұлы, 8 (702)368 08 08


3


Ақтөбе қ.


Успанов Нұрлан Тұрсынғалиұлы, 8 (705)398 99 98


4


Атырау қ.


Кабесов Асланбек Шершекбайұлы, 8 (775)700 75 09


5


Қарағанды қ.


Алахаева Сандуғаш Мұратқызы, 8 (775)525 99 20


6


Павлодар қ.


Даирбаева Анар Қабышқызы, 8 (777)410 78 12


7


Петропавл қ.


Бадағұлова Әсемгүл Бейсенқызы, 8 (775)964 71 10


8


Өскемен қ.


Шимина Наталья Николаевна, 8 (777)246 14 02


9


Шымкент қ.


Шотаев Әнуар Оразбекұлы, 8 (701)646 84 84




Ең жоғары кепілдендірілген сома шегінде кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бермеген «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары агент банк ретінде таңдап алынған Еуразиялық банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтініш бере алады. Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары, сондай-ақ олардың жұмыс кестесі www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді.

Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпарат Қордың www.kdif.kz сайтында қол жетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.