Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қаржылық құпиялар: студенттер ҚДКБҚ көмегімен инвестициялау өнерін меңгерді

Таяуда Алматы экономикалық колледжінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кезекті оқыту дәрісі өткізілді. Шара барысында Активтерді инвестициялау және есепке алу секторының меңгерушісі Мархабат Усабаева инвестициялау және қаржылық жоспарлау тақырыбында өзінің құнды білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.     


PHOTO-2024-02-09-12-56-32.jpg  


Дәріс борыштар мен кредиттерді басқарудың маңызды қырларын талқылаудан басталды. Мархабат кредиттік рейтинг ұғымын аша түсіп, ақшаны саналы түрде басқарудың маңыздылығын атап өтті. Ал ақшаны басқару оны жинаудан басталатындығы белгілі. Осылайша студенттер санасында үнемдеудің әртүрлі жағдайда: білім алу немесе отбасылық шығындар секілді жоспарланған шығындарда, ірі сатып алулар немесе ірі шығындар жасауға әкеп соқтыратын төтенше жағдайларда маңызды рөл атқаратындығы туралы пікір қалыптасты.


Кейін инвестиция мәселесі талқыланды. Онда Қор қызметкері өзара қорлар мен биржалық қорлар, сондай-ақ акция, облигация секілді әртүрлі инвестициялық өнімдер туралы әңгімеледі. Инвестициялау құралдарын пайдалану мысалдары келтірілді және тиімді жоспарлаудың қаржылық мақсаттарға қалай тез қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін растайтын есептеулер көрсетілді.  

  

Дәрістің бір бөлігі активтерді үлестіру және әртараптандыру арқылы тәуекелдерді басқару мәселесіне арналды. Мархабат Усабаева активтерді бөліп тарату инвестициялық портфельді акция, облигация және ақша қаражаттары секілді әртүрлі актив санаттары арасында таратып үлестіруді көздейтіндігін түсіндірді. Ол сондай-ақ инвестицияның әртүрлі болғандығы тәуекелдерді төмендетуге септігін тигізетіндігін атап өтті.     


Қор сонымен қатар кепілді өтем сомаларын төлеу бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау үшін активтердің сақталуын және уақтылы өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.


PHOTO-2024-02-09-12-55-31.jpg


Спикер дәрісін тәмамдап болып, алаяқтық әрекеттерге жол бермеуге қатысты өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісті. Ол қаржылық тұзақтарға түсіп қалмас үшін нені ескеру керектігін және инвестиция жасау алдында мұқият тексерулер жүргізу керектігін атап өтті.


Аталмыш дәріс студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыруда маңызды қадам болды және оларға бұл салада білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді. Болашақ экономистер қаржылық сауаттылық қаржыны тиімді басқарудың өте маңызды элементі екендігіне көз жеткізді.