Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Директорлар кеңесі ҚДКБҚ басымдық берілген бағыттар бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижелерін қарады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) Төрағасы Директорлар кеңесіне Қор қызметінің басымдық берілген бес бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын ұсынды.


Әділ Өтембаев Қор әлемдік стандарттарды есепке ала отырып, салымшыларға кепілді өтем төлеуді бастаудың заңнамалық мерзімін қысқарту мүмкіндігін белсене зерделеу үстінде екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта Қор Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді, Халықаралық Валюта Қорының Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) аясында берген ұсынымдарын, сондай-ақ өзінің сараптамалары және тәжірибесі негізінде шешім әзірлеуде. Еске саламыз, лицензиясынан айырылған банк салымшыларына ҚДКБҚ тарапынан өтем төлеуді бастаудың заңнамалық мерзімі 35 жұмыс күнін құрайды. Ал іс жүзінде Қор лицензиясынан айырылған Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan салымшыларына өтем төлеуді 6-8 күн ішінде бастағаны белгілі.


Сонымен қатар Қордың сарапшылары төлемге қабілетсіз банктерді реттеу бағыты бойынша банктер туралы жаңа заңның жобасын әзірлеуге қатысуда. Сондай-ақ, Қор өтем төлеу рәсімін, оның ішінде жаңа технологиялық шешімдерді қолдану мақсатында одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Қор үшін қашанда басымдыққа ие бағыт – банк лицензиясынан айырылған жағдайда, салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау үшін арнайы резервтің жеткіліктілігін қамтамасыз ету. Қордың резервіне төленетін жарналар жүйесі аясында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тәуекел-бейінін бағалау моделін дамытумен қатар, 2024 жылы инвестициялық саясат қайта қаралды. Қор тұрақты негізде арнайы резерв активтерінің бір бөлігін сыртқы басқару нәтижелерін бағалап отырады. Одан басқа, Қор арнайы резервке қаражаттардың қайтарылуын (есепті кезеңнің қорытындысы бойынша – 4,4 млрд теңге) қамтамасыз етіп, және барлық кредиторлардың мүдделері үшін әрекет ете отырып, таратылу үдерісіндегі 4 банктің тарату комиссиялары мен кредиторлар комитеттеріне қатысады.


Сондай-ақ Директорлар кеңесі Қорда корпоративтік басқару практикасын жақсарту, FSAP аясында ХВҚ ұсынымдарын жүзеге асыру, ақша жинаушылық мінез-құлық пен депозиттер бойынша кепілдіктер жайында хабардар болу туралы 2024 жылы аяқталған әлеуметтік зерттеулер және Қордың алдағы жылға арналған басымды бағыттар бойынша жұмыс жоспары секілді мәселелерді қарады.


Бұдан басқа, Директорлар кеңесі Қордың қаржылық нәтижелеріне көңіл бөлді. Айталық, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қордың таза кірісі 173 млрд теңгені құрады және ол арнайы резервті ұлғайтуға жұмсалады. Осылайша ҚДКБҚ арнайы резерв активтерінің бағасы 1,3 трлн теңгеге жақындады. Ешқандай ескертпелерсіз алынған, тәуелсіз аудитордың аудиторлық тұжырымдамасы бар жылдық қаржы есептілігі Қордың жалғыз акционерінің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің) бекітуіне жолданатын болады.


Еске саламыз, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың депозиттеріне, оның ішінде банк карточкаларындағы немесе шоттарындағы ақшаларына кепілдік береді. ҚДКБҚ максималды кепілдік сомасы депозиттің түрі мен валютасына тікелей тәуелді және ол:

  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,

  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңгені,

  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.

 

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы әрбір банктегі депозиттер өз алдына бөлек қорғалған. Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасына қарай, әртүрлі бірнеше депозиті, төлем карточкасы, ағымдағы банк шоты және солардың арасында жинақ салымы да бар болса, ҚДКБҚ жиынтық кепілдігі салымшының әрбір салымы бойынша белгіленген максималды кепілдік сомасын ескере отырып есептеледі және ол 20 млн теңгеден асырылмайды.


2025 жылғы 21 сәуір


Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз:

www.kdif.kz

1460 (қоңырау шалу тегін)