Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен бірге Депозиттерді сақтандыру жүйелері халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен (IADI) халықаралық семинар және конференция туралы
4 және 5 қырқүйекте Алматы қаласындағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде (Есентай Тауэр Бизнес-Орталығы, Әл-Фараби даңғылы 77/7, 1 қабат, Ballroom 1/2) Қазақстанның депозиттерге кепілдік беруу қоры мен Депозиттерді сақтандыру жүйесінің халықаралық қауымдастығы ұйымдастыруымен халықаралық семинар және конференция өтеді.
Семинарда екі өзекті тақырып көтеріледі:
- банкті қалпына келтіру аясындағы ең үздік әлімдік тәжірбие, дағдарыстық басқару және тарату үрдісін жүргізу;
- ислам банктерінде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру.
Конференцияда АҚШ депозиттерді сақтандыру бойынша Федералды корпорациясы (FDIC), ресейлік салымдарды сақтандыру бойынша Агенттігі (АСВ), Украинаның жеке тұлға салымдары бойынша кепілдік беру қорының өкілдері, сондай-ақ Япония, Корея, Малайзия, Индонезия, Турция, Иордания мемлекеттерінің депозиттерге кепілдік беру қорынан өкілдер сапалы спикерлер, модераторлар және сарапшылар келеді. Сондай-ақ, ТМД елдерінің депозиттерге кепілдік беру қорларының өкілдері де қатысады.
Ислам банктерінде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру – бұл Қазақстан үшін жергілікті халық үшін ислам банкингтеріне деген қол жетімділікті ұлғайтуды санағанда перспективалық бағыттардың бірі.
Проблемалы банктерді реттеу бойынша тәжірбиені – қалпына келтіру, дағдарыстық басқару, активтерді және міндеттемені басқа банкке беру, тарату үрдісін жүргізу және салымшылармен есеп айырысу – тақырыптары бойынша өзіндік тәжірбиесімен Ресей, Украина, Польша, Япония, Индонезия депозиттерге кепілдік беру қорларының өкілдері бөліседі.
Сондай-ақ 4 қырқүйекте Дүниежүзілік банктің тәуелсіз кеңесшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының бағалауға сәйкес халықаралық принциптері және депозиттерді сақтандыру стандарты бойынша баяндамасын таныстарады.
PDF Бағдарлама
Журналистерді тіркеу: 2017 жылғы 29 тамыздың 15:30 дейін.
Тіркеу нөмірлері:
+7 (727) 250 35 28
+7 (777) 300 16 95
+7 (701) 766 765 3
e-mail: press2@interfax.kz