ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ клиенттері өтемін төлеу үшін агент банк ретінде «Банк ЦентрКредит» АҚ тағайындады
2018 жылдың 13 ақпанынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды.
Төлемнің жалпы сомасы 2,07 миллион теңгені құрайды, «Қазинвестбанк» АҚ шотында оң қалдығы бар клиенттер саны 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 568,6 миллиард теңге.
Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 7 ақпанның шешімімен төлем бойынша агент банк болып «Банк ЦентрКредит» АҚ тағайындалды. Осы банк барлық филиалдар жүйесі арқылы соның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларында жеке тұлғалардың өтінішін қабылдап, қарастырып, ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді төлейтін болады.
Жеке тұлғалар үшін кепілдік берілген өтемді төлеудің үш нұсқасы қарастырылған:
Өтем алу үшін тек жеке куәлік пен бекітілген форма бойынша толтырылған кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініш болуы тиіс. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшелерінен алып толтыруға немесе ҚДКБҚ веб-сайтынан жүктеуге болады. Әрекет ету құзыреті нотариалды кепілдік берілген өкілі арқылы өтемді алуға болады.
ҚДКБҚ кепілдігі депозиттердің барлық түрлерін, ағымдағы шоттары мен төлем карталарындағы ақшаны қамтиды. Жеке тұлғалар «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген ең жоғары мөлшерде өтемді алуға құқылы:
Қосымша ақпарат – ҚДКБҚ ресми интернет сайтында: www.kdif.kz. ҚДКБҚ мамандарынан ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40 / 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ агент банк филиалдарының жұмысы туралы сұрақтар бойынша: 505 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), 8 (727) 244 30 30; www.bcc.kz.
Заңды тұлғалар туралы сұрақтар бойынша: 7 (727) 330 00 55 (Алматы қ. «Қазинвестбанк» АҚ тарату комиссиясының бас кеңсесі).
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы сұрақтар бойынша: +7 (727) 2 619-213 (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы, Алматы қаласы).
2016 жылы 26 желтоқсанда «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айрылды. «Қазинвестбанк» АҚ Уақытша әкімшілігімен және «Альфа- Банк» ЕБ АҚ арасындағы 2017 жылдың 19 мамырдағы шартына сәйкес портфель міндеттемелері, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, «БЖЗҚ» АҚ активтері «Альфа-банк» ЕБ АҚ берілді. 2018 жылдың 24 қаңтарында «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді. Заңнамаға сәйкес көрсетілген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелері «Альфа-банк» ЕБ АҚ өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған еншілес ұйымы. ҚДКБҚ кепілдік береді – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар салымдарына, барлық банк шоттарына (жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар т.с.с), банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан соң ақшалай жинақтарын қайтарады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.
ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).