Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Qazaq Banki» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару бұл банктің салымшылары алдында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры міндеттемелерін тоқтатпайды

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық банктік операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда, бұл банк Ұлттық Банк шешімінің күшіне енген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылады.

2018 жылдың 28 тамызынан бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен «Qazaq Banki» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ шығарылды. Заңнамаға сәйкес (екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағы), қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейiн жатқан кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелерiн тоқтатпайды.