Халықтың банктердегі депозиттерінің көлемі соңғы бес жылда екі есе өсті – ҚДКҚ
Бөлшек депозит нарығындағы үрдістер туралы ҚДКҚ Төрағасы Нұрлан Әбдірахманов айтып берді.
Нарықтың оң үрдістері – бұл халықтың жинақ ақшасының белсенді өсуі, деп атап өтті Н. Әбдірахманов. «Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі соңғы бес жылда 3,7 – 8,4 трлн теңге аралығында екі есе өсті. Жеке тұлғалардың банктік шоттарының саны 21 – 55 млн. аралығында өсті. Депозиттердің өсуі негізінен бір және одан көп мерзімді құрайтын теңгедегі мерзімді депозиттерінің есебінен қамтамасыз етілді: 12 айда 20%-дан астам өсті, – деді ол. – Адамдар тұрақты түрде мерзімді салымдарға артықшылық береді. Таза қолда бар кірістің он теңгесінің әрбір сегіз теңгесі мерзімді салымдарға салынады. Олардың жартысынан көбі – бұл бір жылдан асатын салымдар.
ҚДКҚ-да атап өтілгендей, банктік шоттардың 99,9%-на 20 миллион теңгеге дейінгі депозиттер орналастырылған – бұл депозит нарығының көпшілікке арналған сегменті. «Бұл үрдістер Ұлттық Банктің теңгемен кепілдікті 15 миллион теңгеге дейін ұлғайту себебін түсіндіреді, ол депозит және жинақталған сыйақы сомасын өтейді. Көпшілікке арналған сегменттің теңгедегі бөлігі 72%-ды, ал шоттардың саны бойынша 95%-ды құрайды. Мынаны тура айтуға болады: көпшілікке арналған сегмент долларсыздандырылды өтті», – деді Н. Әбдірахманов.
Ол сондай-ақ, жинақ салымы бойынша теңгемен кірістіліктің салымның мерзіміне тікелей байланысты екендігін және 13,5 пайызға жеткендігін атап өтті. Бұл ретте екі жылдық жинақ салымының кірістілігі инфляцияның ағымдағы деңгейінен екі есе және шетел валютасындағы депозит бойынша кірістіліктен 13 есе асып кетті», – деп нақтылады Н. Әбдірахманов.
Анықтама үшін: Депозиттік базаның 86%-ы мерзімді салымдарға орналастырылған. Депозиттік базаның 53%-ы бір жыл және одан астам мерзімдегі мерзімді салымдарға орналастырылды.