«Qazaq Banki» АҚ салымшылары Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банктен салымдарын ала алады
Дүйсенбіден, яғни 24 желтоқсаннан «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі арқылы өтемақы төлеу басталды. Төлем2019 жылдың 24 маусымына дейін Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде орналасқан агент-банктің 17 филиалдарының барлығында төленетін болады.
«Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясы 2018 жылдың 12 желтоқсанына ұсынған соңғы тізілімге сәйкес, «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына жалпы төлем сомасы 20,5 миллиард теңгені құрайды. Банктің 18 мың салымшысының әрқайсысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемін толық көлемде алады. 24 желтоқсаннан бастап «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына шамамен 7,8 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленді. 1 541 салымшыға өтемақы төленді.
«Qazaq Banki» АҚ-ның салымшылары - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ҚДКҚ қаражатынан өтемақы алуға құқылы. Салымдардағы, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша қаражаттары өтеледі. Өтемақы салымның толық көлемінде және жинақталған (капиталдандырылған) сыйақы бойынша төленеді. Ең жоғары төлем сомасы:
«Qazaq Banki» АҚ-ның әр салымшысына өтемақы төлеу кепілдендірілген, себебі өтем банктердің жарналары есебінен тұрақты негізде жинақталатын ҚДКБҚ арнайы резерві есебінен жүзеге асырылады. ҚДКБҚ меншікті капиталын ескере отырып, таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу үшін жинақталған сома 773,7 млрд. құрайды. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкінде «Qazaq Banki» АҚ-ның әр салымшысына толық өтемақы көлемінде төлем жасауға қаражат қарастырылған.
Банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуін және төлемнің басталуын ұзақ уақыт күтуіне байланысты таратылып жатқан «Qazaq Banki» АҚ-ның кейбір салымшылары ақша қаражатын дереу қолма-қол ақша түрінде алуға тырысуда. Бұл асығыс қабылданған шешім дүрбелеңнен туындаған.
Біріншіден, ҚДКБҚ жинақталған резерві «Qazaq Banki» АҚ-ның барлық салымшыларына өтемақыны толық кепілдік берілген сома көлемінде төлеуге жеткілікті. «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына төлемдердің жалпы сомасы ҚДКБҚ жинақталған резервінің 3%-нан аспайды. Бұған қоса, агент банк тұрақты қаржылық жағдайға ие және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін екінші дәрежелі банктердің ішінен таңдалады (қолданыстағы ықпал ету шаралары мен санкциялар жоқ).
Екіншіден, агент-банктің қаражаты таратылған банктің салымшыларына өтемақы төлеу үшін пайдаланылмайды. Төлем тек Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Үшіншіден, депозиторларға өтемақы төлеу таратылып жатқан «Qazaq Banki» АҚ-да қалған активтерге және оларды өткізу жылдамдығына қарамастан жүзеге асырылады, сондықтан қаражат жеткіліксіздігінен «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтемақы төлеуді кешіктіру мүлдем мүмкін емес!
Депозиттерге кепілдік берілген өтемді алу үшін таратылып жатқан банктің салымшылары жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кез келген бөлімшесіне немесе филиалына барып, өтемді алу үшін өтінішті толтыруы қажет. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшесінде алуға болады немесе ҚДКБҚ сайтында электронды нұсқаны жүктеп алып, алдын-ала толтыруға болады. Салымшыны сәйкестендіру жеке тұлғаны куәландыратын құжаттармен анықталады, сол себепті өтемді алу үшін банктік салым шарты немесе қолма-қол ақшасыз төлем сияқты қосымша құжаттар талап етілмейді.
Өтінішті кез келген күні 2019 жылдың 24 маусымына дейін беруге болады. Әдетте, агент банк өтемақыны өтініш берген күні төлейді, яғни өтініш берілген күннің ішінде, және тек сенімхат бойынша, мұрагерлердің немесе үшінші тұлғалардың өтемді алуға өтініш берген жағдайда ғана төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ төлем мерзімі бес жұмыс күнінен аспайды.
Салымшының таңдауы бойынша өтемақы қолма-қол ақшамен агент-банктің кассасында төленеді немесе қолма-қол ақшасыз салымшының өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес агент-банктің немесе кез келген басқа банктің банктік шотына аударылады. «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтемді ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да Instant тез шығарылатын атаулы емес банктік картаға алу опциясы ұсынылады. «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына сондай-ақ өтем сомасына агент банкте ағымдағы депозиттік бағдарламалары бойынша салым ашу ұсынылады.
Әдетте, таратылып жатқан банктің көптеген салымшылары бір мезгілде өтемақы алуға өтініш білдірген жағдайда және әрбір өтініш берушінің құжаттарын агент-банктің қызметкерлері тексеру қажеттілігіне байланысты күту уақыты ұлғаяды, сондықтан кезек пайда болады. Сол себепті агент банктің операциялық бөлмелерінде дайындалған қызметкерлер көмек көрсетеді: алдын ала өтемақы алу, құжаттардың толықтығы және өтемақы алуға өтінішті дұрыс толтыру туралы кеңес алуға болады. Сонымен қатар, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ байланыс орталығына 5050 нөміріне немесе ҚДКБҚ байланыс орталығына 1460 қысқа нөміріне хабарласуға болады.
Бұған қоса, ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшыларынан, агент банк тек ұлттық валютада және тек тарату комиссиясының тізілімінде есепке алынған міндеттемелер көлемінде ғана төлем жасайтындығына назар аударуды сұрайды. Сондықтан өтемақы сомасына қатысты сұрақтар болса, мысалы, айырбастау бағамын қолдану, сыйақы есептеу және капиталдандыру, төлеуге жататын банк алдындағы міндеттемелерді есепке алу бойынша, немесе өтемақы сомасына байланысты даулы жағдайларда «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясына хабарласу керек:
Қонаев к., 14/3 үй. («Нұрсая» бизнес орталығы), 1–2 қабат, телефон: +7 (717) 291 92 60 (2018 ж. 31 желтоқсанға дейін),
Алматы ауданы, Иманов к., 11, «Нұрсәулет» бизнес орталығы (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап).
ҚДКБҚ және агент-банк агент-банктің филиалдарында өтемақы алатын «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданады. Операциялық бөлмелерде агент-банктің күзет қызметі қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, ал агент-банктің филиалдары мен бөлімшелері құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақтық ішкі істер органдарының күшейтілген бақылауында.
ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшыларын өз қауіпсіздігіне және ақшаның сақталуына бағытталған барлық шараларды қабылдауға шақырады! Агент банкте өтем алуды жылдамдату қызметтерін ұсынатын, өтемақыны тек қолма-қол ақша арқылы алу туралы кеңес беріп және өтелген қаражатты қысым көрсетіп нақты қаржы ұйымдарына салуға мәжбүрлейтін тұлғалармен қатынасудан аулақ болыңыз. «Qazaq Banki» АҚ салымшылары аталған барлық жағдайлар туралы тікелей агент банкке немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына хабарлауы тиіс.
«Qazaq Banki» АҚ салымшылары ҚДКБҚ байланыс орталығына 1460 қысқа нөміріне (қоңырау шалу тегін), агент банктің байланыс орталығына 5050 (қоңырау шалу тегін) және «Qazaq Banki» АҚ Алматы және Астана қалаларындағы тарату комиссиясынан кеңес ала алады.
Анықтама
«Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімінің негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. 2018 жылы 24 қазанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 29 қарашада түскен аппеляциялық шағым бойынша сот ісінің тоқтатылуына байланысты 2018 жылдың 24 қазанындағы Алматы қаласының МАЭС-ның шешімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында күшіне енді. 13 желтоқсанда ҚДКБҚ Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ҚДКБҚ атынан және қаражатынан «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдайтын және өтемді төлейтін агент банк ретінде тағайындалғаны туралы хабарлады. 24 желтоқсанда, сот шешімінің күшіне енгеннен кейінгі алтыншы жұмыс күні, агент банк өтініштерді қабылдау мен өтемақы төлеуге кірісті.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры - екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша міндеттемелерін банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдендіреді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысады.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі ВТБ халықаралық қаржы тобының мүшесі және Қазақстанның қаржы нарығында тоғыз жылдан астам жұмыс істейді. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның еліміздің барлық өңірлерінде 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар.