Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ң мәжбүрлеп тарату туралы сот шешіміне апелляциялық шағымдар берілді

2018 жылғы 26 қарашадағы Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың (МАЭС) «Астана Банкі» АҚ-н мәжбүрлеп тарату туралы шешімі қабылданды. Сот шешімінде МАЭС-на апелляциялық шағымдар беру үшін бір ай мерзімі қарастырылған болатын. Іс жүзінде кез келген мүдделі тұлға сот шешіміне апелляциялық шағым бере алады, мысалы кредиторлар, қарыз алушылар, салымшылар, банк қызметкерлері немесе банк өз міндеттемелерін орындамаған басқа да заңды және жеке тұлғалар.

27 желтоқсанда Алматы қалалық соты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын (2018 жылғы 27.12. №7599-18-5-20/11744 хаты) МАЭС–на алты заңды тұлғалар және үш жеке тұлғалардың апелляциялық шағымдар берілгеніне байланысты сот шешімінің заңды күшіне енбегені туралы хабарлады:

Сондай-ақ, Алматы қалалық соты апелляциялық тәртіппен қарау үшін апелляциялық шағымдар берілгенін, Алматы қалалық сотына келіп түскен күннен бастап барлық апелляциялық шағымдар бойынша қарау мерзімі екі айдан аспайтынын да хабарлады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында «Астана Банкі» АҚ-ң барлық 275 693 салымшылары – жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер ҚДКБҚ есебінен оларға тиесілі өтемақыны толық көлемде барлық салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша ала алатынын ескертеді. «Астана Банкі» АҚ-ң салымшыларына өтемақы сомасы 37,3 миллиард теңгені құрайды.

ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ –ң салымшыларына тиесілі кепілдік берілген өтемді толық мөлшерде төлеуге дайын.

Біріншіден, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтем төлеу үшін жеткілікті ақша-қаражатына ие. Осылайша, 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ҚДКБҚ шотында 69,7 миллиард теңге көлемінде ақша орналастырылған, қосымша ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді төлеу үшін 704 миллиард теңгеге ие, олардың 100% Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ноталарына, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына, АҚШ Қазынашылық облигацияларына, Еуропалық қайта құру және даму банкінің еурооблигацияларына және «ААА» рейтингімен Халықаралық қаржы корпорациясында орналастырылған. Қордың кепілдік берілген өтемді төлеу үшін қолжетімді қаражаттарының жалпы сомасы 773,7 миллиард теңгені құрайды.

Екіншіден, ҚДКБҚ міндетті процедураларды өткізіп, агент банкті таңдап қойды. Агент банк атауын және өтем төлеуінің басталуын міндетті түрде «Астана Банкі» АҚ-ң мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енгеннен кейін жария етеді.

ҚДКБҚ берілген апелляциялық шағымдардың Алматы қалалық сотымен қарау жөнінде оқиғалардың дамуын қадағалайды. Алматы қалалық соттан апелляциялық тәртіппен қараудың нақты мерзімдері туралы ақпаратты алысымен, ҚДКБҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚДКБҚ ресми веб-сайтында: www.kdif.kz жариялау арқылы ақпаратты шұғыл түрде салымшылар назарына жеткізеді.

«Астана Банкі» АҚ-ң салымшыларының аса назарына: әлеуметтік желілерде және Ғаламтор желісінде салымшыларды және қауымды адастыру, мәжбүрлеп таратылатын банктер салымшылары арасында жасанды дүрлікпе және үрей туғызу, Қормен таратылатын ақпаратқа, Қордың салымшыларға өтемақы төлеу қабылеттілігіне, сондай-ақ онда қажетті ақша резервінің бар болуына сенімсіздік қалыптастыру мақсаттарына бағытталған арандатушылық түсініктемелер (комментарийлер) белсенді таратылуы орын алып жатыр. Осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды және мұндай түсініктемелерге (комментарийлерге) көңіл аудармауларыңызды, сонымен қатар ҚДКБҚ ресми веб-сайтында: www.kdif.kz орналастырылған ресми ақпаратты басшылыққа алуларыңызды сұраймыз. Ақпарат Қордың Telegram-арнасында (t.me/KDIF_info), Facebook–тағы (@kdifkz) Қордың парақшасында және NBK-online мобильді қолданбасында қайталап орналастырылады.

ҚДКБҚ –ң қаржылық есебі жыл сайын сертификацияланған аудиторлық ұйыммен расталады. 2018 жылғы ҚБКБҚ-ң қаржылық есебінің анықтығы және Қордың резервін құрайтын ақша және бағалы қағаздарының бар болуы PricewaterhouseCoopers Халықаралық аудиторлық компаниясымен расталатын болады. ҚДКБҚ-ң қызметі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен толық реттеледі. Депозиттерді сақтандыру жүйесінің халықаралық қауымдастығының мүшесі ретінде ҚДКБҚ қауымдастыққа барлық 83 қатысушы ұйымдарымен орындалуға міндетті халықаралық қағидалар мен стандарттарды басшылыққа алады. Қордың операциялық және инвестициялық қызметі 100%-ға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бақыланады.

Депозиттер бойынша кепілдік берумен, кепілдік берілген соманы есептеулермен байланысты барлық сұрақтар және өзге де сұрақтар бойынша салымшылар ҚДКБҚ-ң байланыс орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады.