Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат
2015 жылдың 13 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) акциялар шығарылымы проспектісіне Қор Директорлар кеңесі құрамының өзгеруіне байланысты тиісті өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркеуден өтті. Қор акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар 2015 жылғы 19 қаңтардағы №195 Қор Акционерінің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне мүшесін сайлау туралы» шешіміне сәйкес енгізілді, сол себепті Қор Директорлар кеңесінің сандық құрамы 7 (жеті) - ден 8 (сегіз) адамға дейін ұлғайтылды.
Акционердің осы шешімімен Қор Директорлар кеңесінің құрамына Акционердің өкілі ретінде Досмұхамбетов Нүркен Мұхаметкәрімұлы енгізілді.