Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ 2019 жылдың қараша айына депозиттердің ең жоғарғы мөлшерлемелерін жариялады

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттерінің барлық түрлері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерді жариялады.

Мерзімсіз және 3 айлық мерзімді депозиттер үшін сыйақымөлшерлемелері сәйкесінше 9,8% және 10,3% деңгейінде қалады. Естеріңізге сала кетейік, депозиттер бойынша сыйақының шекті мөршерлемесін есептеу әдістемесіне сәйкес мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеменің мөлшері Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты болады. Соңғы рет Ұлттық Банк оны ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде 9,25% деңгейінде бекітті. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі туралы шешімін жариялаудың келесі күні 2019 жылдың 28 қазанында деп күтіліп отыр.

6, 12 және 24 ай мерзімге орналастырылған теңгемен жинақ және мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын пайыздық сыйақының мөлшеріне келетін болсақ, оларды есептеу нарықтық тенденцияларға негізделген. Мөлшерлемелердің төмендеуі немесе көтерілуі банктердің ұсынысына байланысты.

Толықтыру құқығымен де, толықтыру құқығынсыз да 6, 12 және 24 ай мерзімге орналастырылатын мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері өсіп, негізінен өзінің қыркүйек мәндеріне қайтып келді. Мерзімді салымдар арасында 12 айға толықтыру құқығы бар салымдар неғұрлым талап етілген болып табылады. Осы салымдар бойынша қараша айына ұсынылатын ең жоғарғы мөлшерлеме – жылдық 10,8%.

3 ай мерзімге жинақ салымдары бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде қалды – жылдық 12,4%, жинақ салымдары бойынша 6, 12 және 24 айға – шамалы төмендеді. Жинақ салымдарының арасында толықтыру құқығынсыз 12 ай мерзімге депозиттер ең танымал болып қалды. Салымдардың осы санаты бойынша орташа есептелген сыйақы мөлшерлемесі 12,5% құрады. Осы мәннің негізінде қараша айына жылдық 13,5%-ға осы салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі есептелді.

Келесі ең танымал салым - 24 ай мерзімге толықтырылмайтын жинақ салымы. Орташа есептелген сыйақы мөлшерлемесі - 12,9%. Осылайша, қарашада аталған депозиттер бойынша ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13,9% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚДКБҚ ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді нарықтың орташа алынған пайыздық мөлшерлемесі немесе базалық мөлшерлеме қосу спред ретінде белгілейді. Бірақ бұл барлық екінші деңгейдегі банктер ең жоғары мөлшерлемемен депозиттер ұсынатындығын білдірмейді. Әр банк қор тарту және тәуекелдерді бағалау саясатына қарай пайыздық мөлшерлемелерді дербес белгілейді. Спред банктерге қажет болған жағдайда мөлшерлемелерді жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Келесі айда ҚДКБҚ 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең үшін ұсынылатын ең жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді жариялайды, олар 2019 жылдың қыркүйегіндегі нарықтық мәліметтерге негізделеді.

Анықтама

30 шілдеде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ, мерзімді және мерзімді емес депозиттер бойынша шекті пайыздық мөлшерлемелерді есептеудің жаңа әдіснамасына көшкені туралы хабарлады. Қыркүйектен бастап ҚДКБҚ ай сайын теңгедегі барлық депозиттер бойынша ұсынылатын пайыздық мөлшерлемелердің кестесін жариялайды.

Осы немесе өзге айға ұсынылатын жаңа ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері олардың қолданылу кезеңінде салымның мерзімін ұзартуды қоспағанда, бұрын ашылған салымдарға қолданылмайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері өзгерген жоқ және мынаны құрайды:
жылдық 2% - бір жылдан бастап шетел валютасындағы жинақ және мерзімді салымдар бойынша,
жылдық 1% - шетел валютасындағы басқа салымдар бойынша.

Салымшылар ҚДКБҚ депозиттер бойынша кепілдік туралы мамандарының кеңесін мына телефон нөмірі арқылы ала алады:1460 (ұялы телефонынан қоңырау шалу тегін), ҚДКБҚ Телеграм-чатында : @KDIF_Ask, ҚДКБҚ-ның Facebook: @KDIFKZ, Instagram: Deposit_KZ ресми парақшаларында.