2016 жылғы 10 ақпанда «Банк ЦентрКредит» АҚ Валют-Транзит Банк салымшыларының өтініштері бойынша есептесулерді аяқтайды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2016 жылғы ақпанда «Банк ЦентрКредит» АҚ 700 000 (жеті жүз мың) теңгеден асқан депозиттер бойынша қалдықтарды төлеуге Валют-Транзит Банктің салымшыларының өтініштерін қабылдауды аяқтайтындығын еске салады. Валют-Транзит Банктің салымшыларының өтініштері бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ жұмысының жарты жылдық мерзімі агенттік келісіммен анықталған және 2016 жылғы 10 ақпанда мерзімі өтеді. Осы күннен кейін, депозиттері 700 000 (жеті жүз мың) теңгеден асқан Валют-Транзит Банктің салымшыларына өтем үшін тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жүгінулері қажет.
Есептелген сыйақы бойынша шағымдары бар салымшылармен жұмысты бұрынғыдай Валют-Транзит Банктің тарату комиссиясы жүргізетіндігін естеріңізге саламыз. 2015 жылғы 10 тамызда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Валют-Транзит Банк» АҚ бойынша тарату өндірісінің басталуы туралы сот шешімінің күніне депозиттері мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы шегінен асқан Валют-Транзит Банк салымшыларымен қосымша есептесулердің басталуы туралы хабарлады (бір салымшының барлық депозиті бойынша жеті жүз мың теңге).
Депозиттерді кепілдендіру туралы Заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2015 жылы Валют-Транзит Банк салымшыларының депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдіктің жоғарғы шегі 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін арттырылды. Валют-Транзит Банктің барлық 4 995 салымшысы қосымша есептесулер шеңберінде, өтемдердің төлеміне үміттенуге құқылы, міндеттемелердің жалпы сомасы 4,25 млрд. теңгені құрайды. Олардың ішінде, 2016 жылғы 9 қаңтардағы ахуал бойынша 3 876 салымшының өтініштері бойынша жұмыс аяқталды, осы салымшыларға банк-агент («Банк ЦентрКредит» АҚ) жалпы сомасы 3,67 млрд. теңгеге кепілдендірілген өтемді төледі, ол қосымша өтемнің жалпы сомасынан 86,0% құрады.
Қосымша есептесулер толық аяқталғаннан кейін, өтелмегендер болып Валют-Транзит Банктің 223 салымшыларының алдында ғана депозиттің негізгі сомасы бойынша өтемдердің төлемі жөніндегі міндеттеме қалады, бұл салымшылар талаптарының сомасы 5 000 000 теңге арттырады. Осы міндеттемелер бойынша жұмысты Валют-Транзит Банктің тарату комиссиясы жалғастырады.
Депозиттерді кепілдендіру саласындағы халықаралық сараптамалық бірлестігі -Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы Проблемалық банктердің дәрменсіздігін реттеу және салымшыларға кепілдендірілген өтемді төлеу саласындағы жетістіктері номинациясында 2015 жылғы депозиттерді кепілдендіруді ұйымдастыру айтулы халықаралық наградасын бере отырып, 2015 жылы қызмет нәтижелері бойынша осы салада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жетістіктерін атап өтті.
Сонымен қатар, салымшылармен есептесулерді ұйымдастыру бөлімі бойынша процестердің тиімділігі, өтемдердің төлемін регламенттейтін заңнаманың жетілуі, кепілдендірілген өтемді төлеу рәсімдері мен мерзімдері, сондай-ақ салымшы – жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін банктің дәрменсіздігін реттеу процестерінде Депозиттерді кепілдендіру қорының уәкілеттігін қамту сияқты Қордың осындай көрсеткіштері мен нәтижелеріне жоғары баға берілді.
«Халықаралық сарапшылардың ең жоғары деңгейде баға беруі ҚДКБҚ және Қазақстан Ұлттық банкінің депозиттерді кепілдендіру жүйесін дамыту жөніндегі жұмысы дұрыс бағытта жүргізілетіндігін тағы да растайды. Біз ең үздік әлемдік тәжірибені зерттеп білудеміз және өз тәжірибемізде банк салымшылары мүдделерін қорғаудың қаржылық тұрақтылығы мен бірдей деңгейі мүддесінде жұмыстың неғұрлым тиімді әдістеріне бағытталамыз», – деп атап өтті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Бақыт Қоғылов.
Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, IADI) үздік әлемдік тәжірибені көрсететін әдіснаманы әзірлеу және дамыту арқылы дүние жүзі бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін 2002 жылы құрылды. Халықаралық есеп айырысу Банкінде орналасқан. Қазіргі кезеңде 77 әлем елдерінен 80 депозиттерді кепілдендіру қоры, сондай-ақ орталық банк және қаржылық қадағалау органдарының өкілдері қауымдастық қатысушылары болып табылады.
Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) – 1999 жылы құрылды. Жалғыз акционері және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады.
ҚДКБҚ сот шешімі бойынша банк қызметін мәжбүрлемелі тоқтатқан жағдайда, банк шоттарының барлық түрлерінде орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша (сақтандыру, ағымдағы және карта-шоттардағы ) депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушылары- банктердің міндеттемелерін кепілдендіреді. Қазіргі кезеңде 34 банк депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Мемлекеттік кепілдік жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таратылады. Ұлттық валютадағы депозит бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгені, шетелдік валютадағы депозит бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңгені (баламасында) құрайды .
Қосымша ақпарат www.kdif.kz. ҚДКБҚ ресми интернет-сайтында қолжетімді. Мамандар консультациясын 8 8000 80 10 20 телефоны бойынша алуға болады (қоңырау шалу тегін).