Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

2019 жылдың екінші тоқсанының бірінші айы депозиттік нарықтың өсуімен басталды

Егер 2019 жылдың алғашқы айында жеке тұлғалардың депозиттік базасының төмендеуі байқалса, ағымдағы жылдың сәуірінде халық депозиттерінің өсуі 32 миллиард теңге немесе 0,4% болды. Нәтижесінде, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың депозиттік базасы 8,6 триллион теңгеге жетті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында 2019 жылдың наурызымен салыстырғанда 155 миллиард теңгеге өскен теңгелік депозиттер өсу драйвері болып отыр. Теңгедегі депозиттердің негізгі ағыны жаппай сегменттің есебінен қамтамасыз етіледі, бұл 20 миллион теңгеге дейінгі депозиттер. Жаппай сегментте жеке тұлғалардың барлық шоттарының 99,9% шоғырланған, олардың 95% шоты ұлттық валютада ашылған. Сондықтан жаппай сегмент банктерді теңгемен қорландырудың тұрақты және бірқалыпты базасын қалыптастырудың негізгі көзі болып қалады. Ағымдағы айда жаппай сегменттегі теңгедегі депозиттер 96 млрд теңгеге өскенін көрсетті.

Халық депозиттерінің валюта секторындағы теріс динамика сақталуда: ағымдағы айда бұл депозиттер 123 миллиард теңгеге қысқарды. Валюталық салымдардың қысқаруы негізінен 50 миллион теңгеден аса ірі салымдар сегментіндегі депозиттердің жылыстауымен байланысты: жиынтық төмендеудің 83%-ы осы сегментке тура келді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметтері бойынша ірі валюталық салымдардың жартысы теңгедегі салымдарға айырбасталған, бұл ірі салымшылардың сенім артқанын және мінез-құлқының өзгергенін көрсетеді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеке тұлғалардың депозиттік базасы 4%-ға өсті. Бір жыл ішінде халық депозиттерінің орташа өсуі депозиттердің теңгелік бөлігінің өсуімен байланысты, ол 9%-ды құрады.

Жеке тұлғалардың депозиттерін долларға айналдыру деңгейі 2019 жылғы 1 мамырда 43%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы жылы байқалып отырған ұлттық валютаның айырбас бағамының салыстырмалы тұрақтылығы кезінде соңғы 5 жылда жеке тұлғалардың депозиттерін долларға айналдырудың рекордтық төмен деңгейіне ұлттық валютадағы депозиттердің өсуінің сақталып отырған оң серпіні және шетел валютасындағы ірі салымдардың кетуі салдарынан қол жеткізілді. Депозиттік базаның сегментіне байланысты шетел валютасындағы депозиттерді бөлудің біркелкі еместігі сақталады: жаппай сегментте шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 24%-ды құрайды, ал ірі салымдар сегментінде депозиттерді долларға айналдыру жоғары болып қалуда – 71%.

Салымдардың жаңа түрлері Қазақстандағы салымшылардың сеніміне ие болып келеді. Ұлттық валютадағы депозиттер арасындағы өсу қарқыны бұрынғыдай жинақ депозиттерін көрсетеді. 2019 жылғы сәуір айындағы теңгедегі жинақ депозиттерінің портфелі 26%-ға өсті, ал теңгедегі дәстүрлі мерзімді емес депозиттер тек 2,8%-ға өсті. Абсолюттік мәнде жинақ депозиттері 22 млрд.теңгеге ұлғайды. Жинақ салымдарын ашқан салымшылардың саны 31,8 мың адамды құрады.

Депозиттердің басқа түрлері бойынша орташа нарықтық сыйақы мөлшерлемелерінің төмендеуі аясында жинақ салымдары бойынша сақталып отырған жоғары тіркелген кірістілік салымшыға бүгінгі күні ұзақ мерзімді кезеңге 13,5%-ға дейінгі табысты тіркеуге мүмкіндік береді. Бірақ жинақ салымдары бойынша қолданылатын шектеулер туралы да ұмытпау керек: салымды ішінара алуға жол берілмейді, ал салымды толық алған кезде салымшы 0,1% мөлшерінде сыйақы алады. Бұдан басқа, салымшының банктің жинақ салымын мерзімінен бұрын алу ниеті туралы алдын ала хабарламасы бойынша норма қолданылады (30 күн бұрын).

Депозиттер бойынша кепілдік туралы ҚДКҚ мамандарының кеңесін алыңыз: