Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері әуелгі деңгейде 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін де сақталады

Қор Директорлар кеңесінің шешімімен (11.05.2016 ж. № 2 хаттама) Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері әуелгі деңгейде сақталды:

Осылайша, қазіргі уақытта Қормен ұсынылатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері әуелгі деңгейде 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін де сақталады. Алайда Қордың Директорлар Кеңесі және/немесе Акционермен депозит нарығы конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында аталмыш мөлшерлемелер қайта қарастырылуы мүмкін.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ)  екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің еншілес ұйымы.
ҚДКБҚ банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатқан жағдайда банк шоттарының барлық түрлерінде орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карта-шоттардағы) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі таңда 34 банкі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таралады, сондай-ақ ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғарғы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгені, шетелдік валютадағы депозиттері бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңгені бір банкі бойынша бір салымшыға шаққанда (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күніндегі баламасында) құрайды.

Қосымша ақпарат www.kdif.kz ҚДКБҚ ресми интернет-сайтында қолжетімді
Мамандар кеңестерін 8 8000 80 10 20 телефон шалу арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін)