Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«ҚДКБҚ» АҚ активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚДКБҚ, Қор) активтерін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру үдерісінің басталғаны туралы хабарлайды. Қаражаттарды беру ҚҰБ-тың бағалы қағаздар нарығын дамыту және еншілес ұйымдардың активтерін басқарудан біртіндеп арылу стратегиясы аясында жүзеге асырылмақ.

 

Алматы қаласында бірнеше басқарушы компаниялардың өкілдерімен тиісті келісімдерге қол қою рәсімі болып өтті.   


BTS01281.jpg


BTS01197 (1).jpg


BTS01135.jpg


BTS01106.jpg

 

Келісімдерге қол қою қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев жеке басқаруға берілетін активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.    

 

BTS01265.jpg


«Біз тиісті тәуекелдерге баға беріп, оларды сараптан өткізіп, жеке басқарушы компаниялар үшін инвестициялық саясатты әзірлеп шықтық. Соған сәйкес Қордың активтері тек ең сенімді қаржы құралдарына инвестицияланатын болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары. Олардың өтеу мерзімі 3 жылға дейін. Сондай-ақ кері РЕПО операцияларын айтуға болады. Енді осы бағдарлама активтердің табыстылығын арттыра түседі деген үміттеміз. Қор үшін басты міндет – арнайы резервтің қаражаттарын сақтау және олардың жоғары өтімділігіне қолдау көрсету», - деді ол.

    

Қор Төрағасының айтуынша, жеке басқарушылар алдында белгіленген эталондық портфельдің (бенчмарктың) табыстылық көрсеткішін арттыру мақсаты қойылған. Тәуекелдер туындаған жағдайда шартта ҚДКБҚ үшін оны біржақты ретпен бұзу мүмкіндігі қарастырылған. Активтерді жеке басқарушыларға беру барысында кастодиандар тарапынан қосымша қадағалауды жүргізу арқасында тәуекелдер барынша азайтылады. Айта кетелік, кастодиандар активтерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді және жеке басқарушылардың инвестициялық саясаттың талаптарын қаншалықты орындайтындарына бақылау жүргізіп отырады.  

 

Өз кезегінде ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов ҚҰБ бастамасы бойынша Қазақстан қор биржасының алаңында ҚДКБҚ активтерін индекстік басқару мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздардың индексі әзірленіп, іске қосылғандығын атап өтті.  

 

BTS01013.jpg


«Біз ҚДКБҚ және Қазақстан қор биржасымен бірге үлкен жұмыс атқардық және бүгін біз жаңа тарихи сәттің қарсаңында тұрмыз деп нық сеніммен айта аламыз. Елімізде тұңғыш рет Қазақстан қор биржасының алаңында енгізілген жергілікті бенчмарк базасында ҚДКБҚ сынды ірі институционалды инвестордың активтеріне халықаралық тәжірибеде кеңінен пайдаланылатын индекстік тәсіл қолданылатын болады. Активтерді жеке басқаруға беру отандық бағалы қағаздар нарығына тың серпін береді деп сенеміз. Сонымен қатар бұл жеке басқарушыларға берілетін активтердің көлемін арттыру есебінен жеке басқарушы компаниялар нарығының дамуына, сондай-ақ сол басқарушылар арасында бәсекелестікті күшейту есебінен активтерді басқару тиімділігін арттыруға септігін тигізеді», - деді Н. Тұрсынханов.

 

Еске саламыз, қазіргі уақытта ҚДКБҚ арнайы резерві активтерінің мөлшері 1,3 трлн теңгені құрайды. Алғашқы кезеңде 200 млрд теңге берілетін болады. Әрі қарай активтерді беру жеке басқарушы компаниялардың тиімділік көрсеткіштеріне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.