Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларының ақшалары ҚДКБҚ кепілдігімен қорғалған

2021 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ты барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады.

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, яғни жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салымдарында, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақшаларына «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ, Қор) кепілдігі қолданылады.

Агенттік банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру операциясын жүргізуден бас тартқан жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу шарасын жүзеге асырады. Қор өтем төлеуді бастау күнін заңнамада бекітілген мерзімде хабарлайды. Төлемдерді жүзеге асыру шарасы ресми хабарлама Қор сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде басталады.

Еске саламыз, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып, депозиттегі қалдық сома шегінде төлейді:
• теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден;
• теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден;
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды (банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Жеке тұлға немесе дара кәсіпкердің банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, Қор олар бойынша 15 млн теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозиттің 5 млн теңгеден аспайтын кепілдендірілген қалдығы бойынша шектеу ескеріледі.

Кепілдік берілген шекті сомадан асатын депозиттер бойынша Қор жоғарыда атап көрсетілгеніндей, тек бекітілген соманы ғана өтеді. Ал өтелмей қалған артық ақша бойынша салымшылар банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген соң, банктің тарату комиссиясына өтініш бере алады.

ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу үшін конкурстық негізде агент банкті таңдайды. Салымшының өтініші бойынша оның ақшасы агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен немесе қолданыстағы банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы берілуі мүмкін. Салымшы кепілдік берілген өтемді алу үшін агент банкке барған кезде жеке басын куәландыратын куәлігі болса жеткілікті. Толық нұсқаулық Қор сайтында орналастырылған (https://www.kdif.kz/kz/depozity-i-garantiya/vyplata-vozmeshcheniya/).

Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар ҚДКБҚ www.kdif.kz. сайтында қол жетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефон арқылы қоңырау шалу тегін), сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.