Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Өтінішті онлайн түрінде кім және қашан бере алады?

Электрондық төлемдер порталында кепілдік берілген өтемді барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің салымшылары (тек шоттардың, карточкалар мен депозиттердің иелері) онлайн төлеуге өтініш бере алады: 


  • «Қазинвестбанк» АҚ
  • «Эксимбанк Қазақстан» АҚ
  • «Астана Банкі» АҚ
  • «AsiaCreditBank (АзияКредит Банк)» АҚ
  • «Delta Bank» АҚ
  • «Qazaq Banki АҚ
  • «Capital Bank Kazakhstan» АҚ
  • «Tengri Bank» АҚ

Төлемді алу мақсатында сенімхат бойынша өкілдер және таратылатын банктер салымшыларының заңды өкілдері (мұрагерлер және өзге де құқық иелері) кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша жазбаша өтінішпен (таратылатын банкке байланысты) агент банкке жүгінулері тиіс. 


ҚДКБҚ  қағаз тасымалдағыштағы төлем жасау өтінішін келесі тұлғалардан қабылдайды:

  • «Эксимбанк Қазақстан» АҚ және «Казинвестбанк» АҚ салымшыларының өкілдері (мұрагерлері және басқа да құқық иелері);

  • «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары және олардың өкілдері (мұрагерлері және басқа да құқық иелері).

Депозиттерге кепілдік беру туралы Заңға сәйкес кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініштер: 

  • «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, « Tengri Bank «АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан – 2022 жылғы 1 мамырға дейін (соңғы күнді қоса алғанда);
  • «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларынан – 2022 жылғы 3 шілдеге дейін (соңғы күнді қоса алғанда) қабылданады.

Өтем төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін кепілдік берілген өтем сомасы талап етілмеген болып есептеледі және салымшылардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылатын болады. 


Төлем мерзімін өткізіп алған салымшылар ҚДКБҚ-ға кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беруге заңнамада қарастырылған дәлелді себептері болған жағдайда ғана құқылы болады.


«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының назарына: кепілдік берілген өтемді алу үшін Қорға немесе банктің тарату комиссиясына мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Қарағанды қ., Бұхар Жырау даңғылы, 51/4, телефон: 8 (721) 299-64-05 (12).