Тарату процесіндегі банктер
Казинвестбанк
Сайт:
Агент банк:
Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
ҚДКБҚ-да 2022.05.1 дейін (қоса алғанда)
Тарату комиссияның бас кеңсесі:
Алматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабат, "Жетісу" Бизнес орталығы"
Телефон: 8(727)321-09-92
Қазинвестбанк 2016 жылы 27 желтоқсанда барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды.
2017 жылғы 23 мамырда «Альфа-Банк» Еншілес банкі жеке және заңды тұлғалардың Қазинвестбанкте жалпы сомасы 81 миллиард теңгеге ашылған депозиттік портфелін, сондай-ақ осы банкте орналастырылған, құны 3 миллиард теңге болатын зейнетақы активтері портфелін сатып алды. Есесіне Қазинвестбанктің активтеріне ие болды.
Қазинвестбанкте Қазақстанның банк секторы тарихында тұңғыш рет лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке біржола өткізу мәмілесі арқылы салымшылардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі жүзеге асырылды.
«Альфа-Банк» Еншілес банкі жеке тұлғалардың депозиттерін толық көлемде қабылдады. Берілген депозиттердің жалпы көлемі 7,8 миллиард теңгені құрады.
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 2017 жылдың 18 тамызында қабылданып, 2018 жылдың 24 қаңтарында заңды күшіне енді. 13 ақпанда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Альфа-Банк» Еншілес банкіне Казинвестбанк активтері мен міндеттемелерін берген күннен кейін шоттарында оң қалдықтар пайда болған салымшыларға өтем төлей бастады.
ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына депозиттерді толықтай өтеді, олардың шоттарында активтер берілгеннен кейін шоттарда оң қалдықтар пайда болған, себебі осы түсімдердің сомасы максималды кепілдік берілген сомадан артық болған жоқ. Жалпы төлем сомасы 2 миллион теңгені құрады, өтем алуға құқығы бар салымшылардың саны – 293 адам. 2022 жылдың басында өтеу үшін 12 адам жүгінді - ҚДКБҚ міндеттемелерінің барлық сомасының 97%-ы соларға тиесілі болды.
2018 жылғы 14 тамыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өтініштерді өз бетінше қабылдап, өтем төлейді. Салымшылар (тек шоттар, карточкалар мен депозиттердің иелері) ҚДКБҚ төлемдерінің электрондық порталында электрондық нысанда кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш бере алады.
Төлемді алу үшін салымшылардың өкілдеріне (мұрагерлеріне және өзге құқық иеленушілеріне) сенімхат бойынша және заңды өкілдеріне жазбаша өтінішпен және төлем алу құқығын растайтын құжаттармен ҚДКБҚ-ға келесі мекенжайлар бойынша жүгіну қажет:
Заявление о выплате возмещения в Фонде (для банков на ликвидации).doc 46.592 KB
Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат (ҚДКБҚ бас кеңсесі);
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов к., 11, 104-кеңсе (ҚДКБҚ Нұр-Сұлтан қ. өкілдігі).
Қор өтінішті қарастырып және өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде ақша қаражатын өтініште көрсетілген деректемелер бойынша ақшасыз төлем түрінде аударады.
Банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша төлем сомасына қатысты Қор алдындағы міндеттемелері толық көлемде орындалды. ҚДКҚ пайдасына жасалған төлем сомасы 2,1 миллион теңгені құрады. Осы міндеттемелер орындалған сәттен бастап ҚДКҚ «Казинвестбанк» АҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды.
«Қазинвестбанк» АҚ тарату комиссиясына депозиттері кепілдік берілген ең жоғары сомадан асатын немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылардың – 4-ші кезектегі кредиторлардан өтініштер келіп түскен жоқ.
01.10.2021 жылғы жағдай бойынша сегізінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 6 300 346 мың теңгеге (5,84%) есеп айырысулар жүргізілді
Уақиға
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы сегізінші кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
осы уақытқа
Кредиторлар комитеті құрылған
Аралық тарату балансы бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде
жоқ
Аралық тарату балансы бекітілді – активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап кемінде 4 ай
07.08.2018
Агент банкте өтініш қабылдау мерзімі
Агент банкпен арадағы келісімнің қолданылу мерзімі барысында
мерзімі өтті
Агент банкте салымшылардан өтініштер қабылданып, ақша төлене бастады
Өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
13.02.2018
ҚДКБҚ агент банкті жариялайды
10 жұмыс күні
07.02.2018
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қарайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
Өтініш қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні
30.01.2018 – 30.03.2018
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енген күні
24.01.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1 күнтізбелік ай (осы мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін)
24.01.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шек қойылмаған
18.08.2017
«Қазинвестбанк» АҚ лицензиясынан айырылды
26.12.2016