Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Мерзімсіз салымдар

Кіріс:

Ұтқырлық:

Толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бар

Кез келген уақытта алуға болады

Ақшаңызды икемділігі ең жоғары депозитке салыңыз

Сіздің қаржылық сақтық қорыңыз

Мерзімсіз депозит – қазақстандықтар үшін ең үйреншікті салым түрі. Оны кез келген уақытта толықтыруға және одан (азайтылмайтын қалдық шегінде) ақша алуға болады. Ең төмен сыйақы мөлшерлемелері осы мерзімсіз салымдарға тиесілі. Бұл мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне жақын. Есесіне Сіз осы салымдағы ақшаңызды кез келген уақытта пайдалана аласыз.

Кез келген уақытта толықтыруға және одан (азайтылмайтын қалдық шегінде) ақша алуға болатын үйреншікті депозит

Кез келген уақытта толықтыруға және одан (азайтылмайтын қалдық шегінде) ақша алуға болатын үйреншікті депозит

Барлық мерзімдерге бір мөлшерлеме

Мерзімсіз болып аталатындығына қарамастан бұл салымның қолданылу мерзімі бар – мұнда сыйақы мөлшерлемесі белгілі бір мерзімге тағайындалады. Мысалы, ақшаңызды бір жылға салып жатып, Сіз осы мерзім ішінде, яғни салымыңыз жабылып немесе әрі қарай ұзартылғанша мөлшерлеменің өзермейтіндігіне сенімді боласыз.

Банк салымының шартында оның мерзімі көрсетілгенімен шоттан кез келген уақытта ақша алуға болады.

Банк салымының шартында көрсетілген мерзім барысында сыйақы мөлшерлемесі өзгермейді. Алайда шоттан кез келген уақытта ақша алуға болады

Капиталдану – депозит сомасының оған есептелген пайыздар есебінен арта түсетіндігін білдіреді

Банктерде мерзімсіз салымды 3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге ашуға болады. Қазір кез келген банктегі стандартты мерзім – бір жылға дейін. Мерзім, әдеттегідей сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпейді: мөлшерлеме барлық мерзімге бірдей болуы мүмкін. Бұл ретте ұзақ мерзімге, мысалы, екі жылға ашылған салым бойынша жағдай басқаша болуы ықтимал. Мұндай салым бойынша сыйақы бір жылға ашылған салымға қарағанда төмен болуы мүмкін. Өйткені мұндай ұзақ мерзімді салымды жоғары мөлшерлемемен қабылдау – кез келген банк үшін үлкен тәуекелділік.

Егер сіз төлемді жеке шотқа жасалуын қаласаңыз, онда сыйақы номиналды мөлшерлеме бойынша есептеледі. Бұл қарапайым пайыз: салым қалдығын мөлшерлемеге көбейтіп, сыйақы сомасын алады.

Капиталдану – бұл есептелген пайыздың салым сомасына автоматты түрде қосылуы. Депозиттің сомасы есептелген пайыздар арқылы көбейіп отырады. Ал келесі кезеңде банк пайыздарды осы көбейтілген салымға қосады. Салымдар бойынша капиталдану есебінен түпкілікті табыстылық – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі деп аталады.

Банк салымының шартында көрсетілген мерзім барысында сыйақы мөлшерлемесі өзгермейді. Алайда шоттан кез келген уақытта ақша алуға болады

Капиталдану – депозит сомасының оған есептелген пайыздар есебінен арта түсетіндігін білдіреді

Базалық мөлшерлеме жоғарылаған жағдайда

1 Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін базалық мөлшерлеменің ұлғайғандығы ресми түрде жарияланған күннің ертеңіне көтереді.

2 Екінші деңгейдегі банктер жаңадан ашылған мерзімсіз салымдар бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені бірден немесе кейінірек жаңадан бекітілген ең жоғары мөлшерлеменің шегіне дейін көтеруге немесе қолданыстағы шартты өзгеріссіз қалдыруға құқылы.

3 Орналастырылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мен шарттар салымның мерзімі аяқталғанша немесе әрі қарай ұзартылғанша өзгермейді, яғни сақталады.

Базалық мөлшерлеме төмендеген жағдайда

1 Қзақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін алдағы айдың бірінші күнінен бастап төмендетеді.

2 Ағымдағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесімен мерзімсіз салымдар қабылдайтын екінші деңгейдегі банктер жаңадан ашылған салымдар бойынша мөлшерлемені алдағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей төмендетеді.

3 Ашылып қойылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мен шарттар салымның мерзімі аяқталғанша немесе әрі қарай ұзартылғанша өзгермейді, яғни сақталады.

Мерзімінен бұрын алу

Көптеген банктерде салымшылар өз салымдарынан мерзімінен бұрын ақша ала алады. Әрине, бұл үшін шоттағы сома азайтылмайтын қалдықтан жоғары болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес банктер салымдағы ақшаны жеті жұмыс күні ішінде беруге құқылы.

Ірі көлемдегі соманы алу үшін әдеттегідей алдын ала банкке хабарлау қажет.

Алайда мерзімсіз депозиттің ағымдағы шот еместігін естен шығармаған абзал. Банктер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес салымшыларға ақшасын 7 жұмыс күні ішінде беруге құқылы. Банк кассасынан ірі көлемде қолма-қол ақша алу үшін бұл туралы банкке алдын ала хабарлау қажет.

Кейбір банктер ақша алуға бірнеше күнге немесе бірнеше аптаға дейін шектеу қоюлары мүмкін. Егер ақша депозитте ұзақ жатпаса (әдеттегідей бір айдан аз уақыт), банк сыйақы есептемеуі мүмкін немесе оны төменгі мөлшерлеме бойынша есептейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес банктер салымдағы ақшаны жеті жұмыс күні ішінде беруге құқылы.

Ірі көлемдегі соманы алу үшін әдеттегідей алдын ала банкке хабарлау қажет.

ҚДКБҚ қорғауында

Теңгелік мерзімсіз салым бойынша кепілдік берілген ең жоғары сома, жинақталған сыйақыны қосқанда - 10 миллион теңге.

Егер Сіз ақшаңызды бір банкте сақтағанды жөн көрсеңіз, есіңізде болсын:

жинақталған сыйақыны қосқанда 10 миллион теңгеге дейінгі салымның сақталуына толығымен кепілдік беріледі.

Дәл 10 миллион теңгені құрайтын салымға да кепілдік берілген. Бірақ оның сыйақысы кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс есептеледі.

10 миллион теңгеге дейінгі мерзімсіз салымдар – толығымен қорғалған

Салымның сомасы 10 миллион теңгеден асқан жағдайда, сақталуына кепілдік берілген сома бәрібір 10 миллион теңгеден аспайды.

Ақшаңыздың бір бөлігін басқа банкке салу жағын қарастырыңыз: әр түрлі банктерде ашылған салымдарға кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде өз алдына бөлек кепілдік беріледі.

Салымдарыңыз бойынша кепілдік берілген соманы онлайн тәртібінде есептеңіз.

Қордың байланыс орталығының 1460 тегін нөміріне хабарласып, ақыл-кеңес алыңыз.

Тәуекелді қалай басқаруға болатындығы

Егер Сіз алда болуы мүмкін күтпеген жағдайлар үшін қаржылық «қауіпсіздік көпшігін» дайындағыңыз келсе, мерзімсіз салым ашыңыз.

Сіз сондай-ақ қаржылық сақтық қорыңызды сақтау қамын өз бетіңізбен ойластыруыңыз қажет.

Кредиттік тәуекел: Сіз депозит ашқан банк лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін.

Шешім: Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген ең жоғары сома шегінде кредиттік тәуекелді өз мойнына алады.

Инвестициялаудың негізгі ережесін берік ұстаныңыз: «Барлық жұмыртқаларды бір себептке салмаңыз!» Екі-үш сенімді банкті таңдап, ақшаңызды салымдарға біркелкі орналастырыңыз. Бұл ретте олардың көлемі кепілдік берілген ең жоғары сома көлемінде болуы мүмкін.

Инвестициялаудың негізгі ережесі – ақшаңызды бөліп, бірнеше банкте сақтаңыз

Ірі көлемде салым ашуды ұйғарған салымшылар ақшаларын әр түрлі банктерге орналастыру жағын қарастырғаны жөн.

Қайта инвестициялау тәуекелі: Депозитіңіздің мерзімі аяқталуына қарай мөлшерлемелердің көлемі нарықта төмендеп кетуі мүмкін. Сөйтіп Сіз депозитіңізді жаңа мерзімге жоғары мөлшерлемемен орналастыра алмайсыз.

Шешім. Ұзақ мерзімді депозиттерді таңдаңыз. Оларға қатысты ұсыныстар нарықта көп те емес, бірақ егер осындай депозит ашар болсаңыз, кейін олар бойынша мөлшерлемелер нарықта төмендеген жағдайда, Сіздің депозитіңіз едәуір жоғары табыс әкелуі мүмкін. Үзақ мерзімді депозитті таңдай отырып, ол бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені жылдық болжамды инфляциямен салыстырыңыз. Табыстылықтың инфляциядан жоғары болғаны өте маңызды.

Ұзақ мерзімді депозиттерді таңдаңыз

Нарықтық тәуекел: нарықта едәуір тиімді депозиттер пайда болады.

Шешім. Егер Сіз барлық ақшаңызды мерзімсіз депозитке салған болсаңыз, табыстылық жағынан ұтыласыз. Өйткені нарықта одан да тиімді мерзімді және жинақ салымдар бар. Сіз жинақ ақшаңыздың бір бөлігін мерзімінен бұрын алғыңыз келмеуі мүмкін. Міне, сол ақшаны жоғары мөлшерлемемен басқа депозитке салуға болады.

Жинақ салымдар белгілі бір мерзімге ашылады. Сәйкесінше мөлшерлемесі де жоғары. Сондықтан тиісті мерзім ішінде қажет етпейтін ақшаңызды осы салымға салғаныңыз жөн. Ақшаның бір бөлігін күтпеген жағдайларға деп, мерзімсіз салымда қалдырыңыз. Мерзімсіз салым – бұл сақтық қоры, ал жинақ салым – инвестиция.

Депозиттегі ақшаңыздың бір бөлігін алу жоспарыңызда болмауы мүмкін. Олай болса ақшаны жоғары пайызбен инвестициялау жағын ойластырыңыз

Инвестициялаудың негізгі ережесі – ақшаңызды бөліп, бірнеше банкте сақтаңыз

Ұзақ мерзімді депозиттерді таңдаңыз

Депозиттегі ақшаңыздың бір бөлігін алу жоспарыңызда болмауы мүмкін. Олай болса ақшаны жоғары пайызбен инвестициялау жағын ойластырыңыз

Нені есте сақтау керек?

1 Мерзімсіз салымды таңдағанда бірінші кезекте банктің сенімділігіне басымдық беріңіз.

2 Күтпеген жағдай орын алғанда керек болатын ақшаны мерзімсіз депозитке салыңыз. Егер депозиттегі ақшаның бір бөлігі жұмсалмайтын капиталға айналар болса, оны мерзімді және жинақ депозиттерге салуға болады. Өйткені мерзімсіз салым бойынша табыстылық басқа депозиттердің табыстылығына қарағанда өте төмен. Мерзімсіз салым – бұл сақтық қоры, ал жинақ салым кепілдендірілген сомасы бар қауіпсіз инвестиция.