Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шетел валютасындағы депозиттер

ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттер мен мультивалюталық депозиттердің сақталуына кепілдік береді

Шетел валютасындағы депозиттерді қорғау

ҚДКБҚ кепілдігі шетел валютасындағы салымдар мен депозиттік шоттарға қолданылады.


  • Мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар;
  • Шетел валютасындағы шоттардың және мультивалюталық төлем карточкаларындағы ақшалар;
  • Ағымдағы шоттар;
  • Талап етілмелі салымдар;
  • Шартты салымдар;
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлардың банк шоттары.


Ерекше жағдайлар

Кейбір банк қызметтеріне ҚДКБҚ кепілдігі қолданылмайды. Олар:


  1. Депозиттік сертификаттар;
  2. Ислам банктеріндегі салымдар;
  3. Заңды тұлғалардың депозиттері.


Кепілдік берілген ең жоғары сома – валюта баламасы бойынша 5 миллион теңге.

ҚДКБҚ шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді теңгемен төлейді. Қор кепілдік берілген өтемді есептеу үшін банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай қарай айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады. Одан әрі валюта бағамының өзгергендігіне қарамастан өтем сомасы қайта қаралмайды.

Егер бір банкте депозиттер теңгеде (оның ішінде теңгелік жинақ салым) және шетел валютасында ашылса, ҚДКБҚ кепілдік беретін ең жоғары жиынтық сома – 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде шетел валютасындағы депозиттер бойынша валюта баламасында – 5 миллион теңгеден аспайды.



Шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақы

Шетел валютасындағы мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін ҚДКБҚ Директорлар кеңесі бекітеді.



Ұсынылатын ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлеме

1%
Кез келген мерзімге арналған мерзімсіз салымдар

12 айға дейінгі мерзімді және жинақ салымдар
1%
12 ай және одан жоғары мерзімге арналған мерзімді және жинақ салымдар