Қайтару төлемі

ҚДКБҚ-ның салымшыларға ақшаны қайтару әдіс-тәсілі

Банктің төлем қабілетсіздігі жағдайында салымдардың сақталуына кепілдік беру әлемнің 140 елінде стандарт болып табылады

Қазақстанда жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің депозиттері қорғалған. Егер банк лицензиядан айырылса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осы банктің салымшылар алдындағы міндеттемелерін қабылдап, ақшаны төлейтін болады.

ҚДКБҚ барлық депозиттерге кепілдік береді: салымдар, төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы ақша. Теңгеде де, шетел валютасында да. Кепілдіктің максималды сомасы депозит түрі мен валютасына байланысты.

Әр түрлі уақытта ҚДКБҚ Астана Банкі, Qazaq Banki, Валют-Транзит Банкі және басқа мәжбүрлеп таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төледі. Өтініштердің келіп түсуіне қарай, салымшыларға төлем жүргізу жалғасуда. Орындалған міндеттемелердің жалпы сомасы 77 миллиард теңгені құрайды.



Банкті лицензиядан айырғаннан бастап ақша төлеуге дейін максималды мерзім 35 жұмыс күнін құрайды

Банк барлық банктік операцияларды жүргізуге берілетін лицензиядан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің лицензияларын беріп және қайтарып алады (2020 жылға дейін Ұлттық Банкі осындай өкілеттіктерге ие болды).

Банкті лицензиясынан айыру туралы ақпарат сол күні теледидардағы, интернеттегі және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарда көрсетіледі. Ресми ақпарат көздері – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және ҚДКБҚ-ның сайттары.

Лицензиядан айырылған банктің әдеттегі режимде банктік және өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы болмайды.


  1. Банкте уақытша әкімшілік жұмыс істейді – бұлар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ қызметкерлері және банктің кейбір қызметкерлері. Уақытша әкімшілік банкті басқарады, мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, бұрын берілген несиелер бойынша төлемдерді қабылдайды және қажет болған жағдайда банктік шоттар бойынша үзінді көшірмелерді береді.
  2. Банк салымдардан, карталардан және шоттардан ақша бермейді және аудармайды.
  3. Банктің қарыз алушылары кредиттерді кесте бойынша өтейді.


Заң банктің салымшылары болып табылатын жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің депозиттерін қорғайды. Салымшылардың өтемақыны нақты қалай алатындығы келесі 35 жұмыс күнінен кешіктірілмей шешілетін болады. Бірінші нұсқа – жеке тұлғалардың депозиттерін басқа, жұмыс істеп тұрған банкке аудару. Екіншісі – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінен ақша төлеу.

Депозиттер басқа банкке табысталуы мүмкін

20 жұмыс күні

Егер банкте жеткілікті мүлік пен қаржылық активтер болса, мысалы, жұмыс істейтін кредиттер портфелі болса, уақытша әкімшілік лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін, соның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін басқа банкке бір уақытта табыстау операциясын жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Келістіру Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен жүзеге асырылады. Шешімді дайындау мен келістірудің жалпы мерзімі банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 20 жұмыс күн құрайды.

Егер шешім оң болса, жеке тұлғалардың депозиттері сатып алушы банкке табысталады – бұл оларды қабылдауға келісіп қана қоймай, сонымен қатар жеткілікті филиалдық желісі бар және қаржылық тұрақтылық талаптарына сәйкес келетін, қызмет ететін банк. Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің барлық депозиттері толық көлемде табысталатын болады.

Активтердің сапасын бағалауды ескере отырып, нақты табысталу алдағы айларда жүзеге асырылады. Салымшылардың ақшалары сатып алушы банктегі депозиттік шоттарға аударылып, болашақта банктік қызмет көрсетудің стандартты ережелері қолданылатын болады.

Тағы бір нұсқа – уақытша әкімшілік тарапынан шешім қабылданбаса немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан мұндай операцияны жүзеге асыруға рұқсат берілмесе. Бұл жағдайда салымшылармен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есеп айырысатын болады.


Сатып алушы банк – бұл лицензиядан айырылған банктің кредиттік портфелі немесе мүлкі сияқты активтерінің орнына оның салымшылары алдындағы міндеттемелерді қабылдауға келісетін банк. Сатып алушы банкі жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің барлық депозиттерін толық көлемде қабылдайды. Ақшаны алуға, аударуға немесе сатып алушы банктің клиенті бола алады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдердің басталған күні мен агент банкі туралы хабарлайды

10 жұмыс күні

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей ақша төлей бастайды.

Ақша салымшылардың өтініші бойынша төленеді. Өтініштердің қабылдануы мен ақшаның төленуі ҚДКБҚ қолданыстағы банктердің ішінен конкурстық негізде таңдайтын агент банкпен жүргізіледі.

Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ уақытша әкімшіліктен депозиторлардың тізімін және банк лицензиясынан айырылған күнгі өтемақы сомасының есеп айырысуын алады. Бұл есеп айырысу агент банкке табысталады. Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей, ҚДКБҚ хабарламаны ресми баспа басылымдарында жариялап, агент банкті тағайындау, төлем басталу күні мен мерзімі туралы пресс-релиз жасайды. Ақпарат теледидардағы, ғаламтордағы және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарда пайда болады. Ресми ақпарат көздері – ҚДКБҚ-ның, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және агент банктің сайттары.



Агент банк – бұл лицензиядан айырылған банктің салымшыларынан өтініштерді қабылдауға, оларды қарауға және ҚДКБҚ атынан және оның қаржы есебінен ақша төлеуге өкілетті әрекет ететін банк. Мысалы, Астана Банкі салымшыларына агент банк ретінде Еуразиялық банкі, ал Qazaq Banki салымшыларына Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет көрсетті. Өтінішті агент банкпен жасалған келісім мерзімі ішінде кез келген бөлімшеде, кез келген күні беруге болады

Агент банк өтініштерді қабылдауды және ақша төлеуді бастайды

05 жұмыс күні

Агент банкпен жасалған бүкіл келісім мерзімі ішінде агент банкке кез келген күні баруды жоспарлаңыз: агент банктегі ақша барлық салымшыларға қарастырылған. Агент банк арқылы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін, өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады, ал ақша қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жіберіледі.

Салымшылар ҚДКБҚ-ның арнайы резервінен өтемақы алады – бұл резерв заңға сәйкес алдын ала құрылып, оны банктің төлем қабілетсіздігі жағдайында салымшыларға төлеу үшін ғана пайдалануға болады.

Барлығы 35 жұмыс күні

Өтемақыны төлеу – нені есте сақтау керек?

1. Максималды төлем сомасы

ҚДКБҚ лицензиядан айырылған банктің міндеттемелерін қабылдап, депозиттегі бүкіл соманы өтейді, бірақ бір салымшыға төленетін максималды соманың шегінде.

Кепілдік берілетін максималды сомасы депозит түрі мен валютасына байланысты :


  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы кез келген депозиттер
  • 10 миллион теңге – теңгедегі депозиттер: салымдар, төлем карталары, банктік шоттар
  • 15 миллион теңге – теңгедегі жинақ салымдары.

Егер бір банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі  бірнеше депозит орналастырылса, бір банктегі барлық депозиттер бойынша бір салымшыға төленетін максималды сома – 15 миллион теңгені құрайды.

ҚДКБҚ ақшаны банк лицензиясынан айырылған күні есептелген пайызды қоса төлейді. Шетелдік валютадағы салымдар бойынша өтемақыны ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған күнгі бағамы бойынша теңгеде есептеп төлейді.


Депозит бойынша кепілдікті есептеңіз

2. Агент банкте

Агент банк өз бөлімшелерінде өтемақы төлеу туралы өтініштерді қабылдайды, оларды қарастырады және ақша төлеп береді. Егер салымшы төлем алуға жеке өзі жүгінсе, жеке басын куәландыратын құжатпен бөлімшедегі шот менеджеріне жүгіну жеткілікті, ал өтініш бланкісін сол жерде де толтыруға болады. Өтініш 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады.

Агент банк қызметкерлері сенімхат бойынша жүгіну, мұрагерлерге төлем жүргізу немесе кәмелетке толмаған балаларға ашылған депозиттер бойынша ата-аналардың өтініштерін қарау сияқты қалыпты емес істерді де қарауға өкілетті. Мұндай жағдайларда агент банк өтініш берушілердің құқықтарын растайтын қосымша құжаттарды сұратып, стандартты банктік процедуралар мен заңнамаларды сақтап, құжаттарды тексереді.

Өтемақы сомасын есептеумен келіспеген салымшылардың мәселелерін лицензиядан айырылған банктің басқарушы қарайды – бұл уақытша әкімшілік немесе тарату комиссиясы. Уақытша әкімшілік пен тарату комиссиясының байланыс деректемелерін ҚДКБҚ және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайттарынан іздеңіз (әдетте, тиісті ақпарат лицензиядан айырылған банктің сайтында да орналастырылады).

3. Ақша алу: қолма-қол ақша, аударым арқылы немесе жаңа депозитке салу

Агент банкте таңдауға үш нұсқа ұсынады:


  • қолма-қол ақшаны кассадан алу,
  • кез келген банктегі қолданыстағы шотқа аудару ,
  • агент банкте жаңа депозит ашу.

Егер сіз басқа банктегі шотыңызға ақша аударуды жоспарласаңыз, 20 белгісі бар банктік шоттың жеке нөмірін (IBAN) өзіңізбен бірге алыңыз. Бұл нөмірді интернет-банкингтен іздеңіз немесе алдын ала банк бөлімшесінде басып шығарыңыз. Қолма-қол ақшасыз аударымы үшін агент банк стандартты тарифтер бойынша комиссия есептеуге құқылы.

Жаңа депозитті еш қиындықсыз ашу үшін салықтар бойынша берешекті алдын ала тексеріп алыңыз.

Агент банк банк карталарын шығару және жеткізу сияқты басқа да қызмет түрлерін ұсына алады.

4. Ерекше жағдайлар

Сенімхат

Агент банк салымшылардың сенімді тұлғаларының да өтініштерін қарайды. Сенімхат нотариуспен куәландырылуы керек. 

Агент банк жалпы және арнайы немесе бір реттік сенімхаттарды қабылдайды.

Егер сенімхат шетел тілінде құрастырылса, онда салымшының өкілі сенімхат пен осы сенімхаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған аудармасын ұсынуы керек. Аударма нотариалды түрде куәландырылуы керек. Апостиль немесе консулдық заңдастыру да талап етілуі мүмкін.



Кәмелетке толмағандар

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының атынан ата-анасы агент банкке жүгінеді. Растау құжаты – оның пайдасына банктік шот немесе салым шарты ашылған баланың туу туралы куәлігі.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға ашылған депозиттер бойынша ата-аналарының жазбаша рұқсаты бар кәмелетке толмағандардың өздері, сондай-ақ олардың ата-аналары өтемақы ала алады.

Дәл осындай ережелер кәмелетке толмағандардың қамқоршыларына және басқа заңды өкілдеріне де қолданылады. Мұндай жағдайларда олар бала асырап алу туралы құжаттарды ұсынады, патронаттық тәрбие түріндегі қорғаншылық жағдайында, патронат тәрбиеші мен қамқоршылық жөніндегі орган арасында баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы келісім; қамқоршылық органдары берген қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтама немесе басқа да растайтын құжаттар ұсынылады.



Тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту

Агент банкте тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді АХАЖ органы тарапынан берілген неке қию туралы куәлікті немесе тегінің, атының немесе әкесінің атының өзгеруі туралы куәлікпен растайды.



Азаматтықты ауыстыру

Қазақстан Республикасының азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан салымшылар агент банкке шет мемлекеттің төлқұжатын (шетелдік төлқұжат), ал қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарапынан берілген азаматтықтың тоқтатылуын растайтын анықтама немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады.



Мұрагерлер

Мұрагерлер мұра алу құқығын немесе мұрагердің ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды түрде куәландырған көшірмелерін ұсынады.

5. Төлем агент банк арқылы аяқталғаннан кейін

Агент банкпен жасалған келісім мерзімі ішінде агент банкке жүгінбеген салымшылар тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш беруге құқылы. Қор өтінішті қарап, өтініште көрсетілген деректемелер бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз жолмен аударады.

Өтініштер жеке түрде немесе пошта арқылы Алматыдағы ҚДКБҚ бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы кеңседе қабылданады:



  • Алматы қаласы, A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат
  • Нұр-Сұлтан, Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

6. Кепілдік берілген максималды сомадан асатын депозиттік қалдықты төлеу

Кепілдік берілген максималды сомадан асатын барлық депозиттер бойынша ҚДКБҚ тек қажетті максимумды өтейді, ал кепілдік берілген максималды сомадан асатын депозиттің өтелмеген қалдығы бойынша міндеттемелерді банктің тарату комиссиясы қабылдайды.



Тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тағайындалып, жұмыс істей бастайды. Тарату комиссиясының жұмыскерлері – бұлар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ қызметкерлері және банктің кейбір жұмыскерлері. Олардың міндеті – банкті жабуға дайындау, активтер мен мүлікі сатуға дайындау және кредиторлармен есеп айырысу, соның ішінде кепілдік берілген максималды сомадан асатын депозиттері бар салымшылармен есеп айырысу. Мұндай салымшылар алдындағы міндеттемелер кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың 4 кезектегі тәртібіне жатады (барлығы – 10). Тарату комиссиясы кредиторлармен банктің мүлкін және басқа активтерін сатудан түсетін ақшаның келуіне қарай есеп айырысады


Тарату комиссиясы салымшылардың белгіленген мерзімде берген өтініштері бойынша міндеттемелерді мойындайды.


  1. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің күшіне енуін күтіңіз. Бұл ақпарат сол күні теледидар мен ғаламтордағы жаңалықтарда көрсетіледі. Ресми ақпарат көздері – ҚДКБҚ-ның, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және лицензиядан айырылған банктің сайттары.
  2. Осы күннен бастап тарату комиссиясы тағайындалады.

  3. Тарату комиссиясының кредиторлардан өтініштер қабылдау басталғаны туралы хабарландыруының жариялануын күтіңіз. Жариялау мерзімі – банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап 10 жұмыс күн.
  4. Өтінішті тарату комиссиясына жеке түрде немесе пошта арқылы беріңіз. Ережеге сәйкес, өтініштерді қабылдаудың минималды мерзімі – ресми баспасөзде өтініштерді қабылдау басталғандығы туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай, ал қабылдау мерзімі туралы қорытынды шешімді тарату комиссиясы қабылдайды. Байланыс деректерін Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ-ның немесе лицензиясынан айырылған банктің сайттарынан іздеңіз. Болашақта қызметкерлер ақшаны аудару үшін деректемелерді нақтылай алу үшін өтініште барлық мүмкін байланыс деректерін көрсетіңіз.
  5. Міндеттемелер тізілімде тіркелгеннен кейін тарату комиссиясы жауапты пошта арқылы жібереді.

    Банк мүлкін сатудың нәтижелері бойынша тарату комиссиясы ақшаны бір кезектегі барлық кредиторлар арасында пропорционалды түрде таратады.

    Тарату процесінің барысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ-ның немесе лицензиясынан айырылған банктің сайттарында қадағалаңыз.


Өтініш үлгісі


docx

Қағаз тасымалдағыштағы ҚДКБҚ арқылы өтем төлеу туралы өтініш.docx

18.335 KB


docx

Дәлелді себептері бойынша өтем төлеу туралы өтініш.docx

21.106 KB


Пошта арқылы ҚДКБҚ-ға өтемақысы мың теңгеден асатын сомаға өтініш берген кезде, өтініштегі қолын және жеке куәліктің көшірмесін нотариалды түрде растау қажет.


Қорытынды

  • Егер банк барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылса, ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер болып табылатын осы банктің салымшылары алдындағы міндеттемелерін өзіне алады. Максималды өтемақы сомасы депозит түрі мен валютасына байланысты болады.
  • ҚДКБҚ банктің лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей өтемақы төлеуді бастайды.
  • Конкурстық негізде таңдалған агент банк лицензиядан айырылған банк салымшыларының өтініштерін қабылдап, оларды қарайды және ақша төлейді. ҚДКБҚ-ның агент банкпен жасалған келісімінің мерзімі ішінде кез келген күні жүгінуге болады – ҚДКБҚ бұл ақпаратты жариялайды.
  • Кепілдік берілген максималды сомадан асатын депозит бойынша міндеттемелерді банктің тарату комиссиясы қабылдайды. Міндеттемелерді кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу үшін өтінішті белгіленген мерзімге жеке түрде немесе пошта арқылы жіберу керек. Өтініштерді қабылдаудың нақты күнін және қабылдау мерзімін тарату комиссиясында нақтылаңыз.
  • Банкті лицензиясынан айыру, агент банкті тағайындау, төлемдердің басталуы мен аяқталуы сияқты оқиғалар теледидар мен ғаламтордағы жаңалықтарда шұғыл жарияланады. Ресми ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚДКБҚ-ның немесе агент банктің немесе лицензиясынан айырылған банктің сайттарынан іздеңіз.