Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ студенттерге арналған білім беру дәрісі циклын жалғастырды

Қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беру циклын жалғастырудамыз. ҚДКБҚ өкілі Жаппарберген Айбота Алматы экономикалық колледжінде дәріс өткізді.


e3abbb8b-c409-4d24-b9a3-6d1f2d0615a2.jpg


Маман әрбір адамның өмірде қандай мамандықты таңдаса да қаржылық тұрғысынан сауатты болу керектігін атап көрсетті. Өйткені бұл қазіргі заман талабы.


Кездесу барысында қатысушыларға банк салымдарының түрлері және оларға қатысты заңнама тұрғысында бекітілген мына төмендегі максималды кепілдік сомалары туралы баян етілді:


·        20 млн теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;

·        10 млн теңге – ұлттық валютадағы өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;

·        5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күнге қарай валюта айырбастау бағамы бойынша теңгелік балама).



Меймандық дәріс барысында Қор маманы банктегі жинақ ақшаларды сақтандыру мәселесі туралы жан-жақты әңгімеледі. Колледж оқушыларына қазақстандықтардың жинақ ақшалары қашанда ҚДКБҚ қорғауында екендігі айтылды. Банк салымдары басқа қаржы құралдарының ішінде ақша сақтаудың және молайтудың ең қарапайым, ең түсінікті және сара жолы екендігі атап көрсетілді. Өйткені егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы ашылса, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай барлық шоттарда қалған ақшаға, әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып өтем сомасы есептеледі. Бірақ салымшыға берілетін жалпы жиынтық өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.


bfa91312-5e07-489a-8e1c-8fdffc48ebab.jpg


Аталмыш шараға әртүрлі мамандықта білім алатын студенттер қатысты. Жастар дәрісті зор ықылас танытып тыңдады және өздерін мазалаған сұрақтарды қоя отырып, салымдарды сақтандыру мәселесін қызу талқылады.