Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Сатып алу ережесі

Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иелену қағидалары» қаулысының және осы саладағы өзінің құқықтық актісінің талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Правила закупок 192 после МЮ рус яз.docx

349.919 KB

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары

Сатып алуларды жүргізу:

Сатып алуға пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

Сатып алу Қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуға қатысатын әлеуетті жабдықтаушыларға тең мүмкіндіктер беру;

Әлеуетті жабдықтаушылар арасында адал бәсекелестік қалыптастыру;

Сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша отандық жабдықтаушыларды қолдау;

Ішкі кооперацияны қолдау.

Қызметті қамтамасыз ету және міндеттер мен атқарымдарды, стратегиялық жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыруға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктер негізінде Қор тиісті қаржы жылына тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын жасайды. Қордың 2016 жылға тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алу жоспарымен, оған енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен осы жерде таныса аласыз.

Сатып алуды жүргізу қағидалары:

Қор сатып алуды ұйымдастырушыны белгілейді;

Конкурстық комиссияның құрамын, хатшылығын қалыптастырады және бекітеді (сондай-ақ сараптамалық комиссия (сарапшы) құрамын қалыптастыру және бекітуге жол беріледі);

Үлгілік конкурстық құжаттама негізінде конкурстық құжаттама әзірлеу;

Конкурстық құжаттаманы бекіту;

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманың көшірмесін сатып алуды ұйымдастырушының сайтында орналастыру;

Қағидаларда көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушының сайтынан конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жабдықтаушыларға оның ережелерін түсіндіру;

Конкурсқа қатысу жөнінде ұсынылған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеу;

Конкурстық комиссияда конкурсқа қатысу жөнінде өтінімдері бар конверттерді ашу және бұл туралы хаттама әзірлеу;

Конкурсқа қатысу жөнінде өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасын Қор сайтында жариялау;

Конкурстық комиссия біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті жабдықтаушыларды анықтау үшін конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді қарайды;

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады және оған қол қояды, біліктілік және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті жабдықтаушылар анықталған жағдайда, мәтінді сатып алуды ұйымдастырушының сайтында жариялайды;

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жабдықтушылардың тізімі мен шартты шегерімердің мөлшерін анықтайды және қалыптастырады, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы рәсімдеп, оған қол қояды;

Қор сайтында конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жариялау;

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жабдықтаушылар ұсынған мәліметтерді, сондай-ақ конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық баға ұсыныстары журналына тіркеу;

Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерін ашу, конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарына баға береді және салыстырып қарайды (конкурс тәсілімен сатып алу қорытындысын шығару);

Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы рәсімдеп, оған қол қоюды, хаттама мәтіні Қор сайтында жарияланады;

Конкурс жеңімпазымен шарт жасасу.

Сатып алуды жүргізу қағидалары:

Сатып алуға жіберілетін әлеуетті жабдықтаушылар үшін біліктілік талаптары:

Жабдықтаушы төлемге қабілетті, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектері жоқ;

Конкурстық комиссия құрамын, конкурстық комиссия хатшылығын қалыптастыру және бекіту (сондай-ақ сараптамалық комиссия (сарапшы) құрамын қалыптастыруға және бекітуге жол беріледі);

Банкроттыққа/ таратуға жол берілмейді.

3) тармақшада көрсетілген талаптар оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан әлеуетті жабдықтаушыларға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасының қатысушысы болып табылатын және өздеріне жеделдетілген оңалту рәсімі міндетті түрде қолданылатын әлеуетті жабдықтаушыларға қолданылмайды.



ҚДКБҚ-ның осы кезеңдегі сатып алу жоспарымен танысыңыз