-
Бас сарапшыға қойылатын талаптар:
1) жоғары қаржылық немесе экономикалық білім;
2) қаржы ұйымдарында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл;
3) Қазақстан Республикасының банк заңнамасын білу;
4) микро және макроэкономика, статистика, корпоративтік қаржылар, қаржылық есепке алу, қаржылық менеджмент және тәуекел менеджмент салаларындағы білім;
5) навыки финансового анализа, владение количественными и качественными методами;
6) банктердің қаржылық ахуалын талдау және бағалау дағдылары;
7) талдауды сауатты жазу дағдылары және талдамалық мақалалар жазу;
8) ауқымды деректермен жұмыс істей білу: Microsoft Excel-де формулалар мен функцияларды пайдалана білу, макростарды білу құпталады;
9) ағылшын тілін білу құпталады.
Функционалды міндеттер:
1) екінші деңгейдегі банктердің қаржылық ахуалын бағалау және қаржылық көрсеткіштердің даму барысына бақылау жүргізу;
2) депозит нарығы мен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерге талдау жасау;
3) заңнамаға, ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жобаларын әзірлеу;
4) талдамалық мақалаларды, есептемелерді, жазбаларды, анықтамалық материалдар мен таныстырылымдарды дайындау.
-
Біліктілік талаптары мен дағдылары: • жоғары математикалық білім немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар мамандықтары бойынша білім, немесе жоғары қаржылық немесе экономикалық білім; • бизнес-талдаушы және (немесе) техникалық жазушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; • техникалық (бағдарламалық) құжаттаманы табысты қалыптастыру тәжірибесі Міндеттері: • автоматтандыруды талап ететін бизнес-процестің иесі болып табылатын Қор бөлімшесінің қызметкерлеріне сұхбат жүргізу; • жобалау алдындағы зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, пысықтауға немесе дамытуға қойылатын жоғарғы деңгейлі талаптарды жасау; • ақпараттандыру объектісінің тұжырымдамасын қалыптастыруға қатысу; • Қордың алқалы органы және (немесе) ҚРҰБ үшін ақпараттандыру объектісінің тұжырымдамасы бойынша таныстыру материалдарын дайындау; • ішкі нормативтік құжатта белгіленген тәртіппен ақпараттандыру объектісін әзірлеу, дамыту, пысықтау, енгізу және сүйемелдеу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін техникалық ерекшелікті қалыптастыру рәсіміне қатысу; • техникалық тапсырманы әзірлеу сатысы шеңберінде жұмыс тобымен және орындаушымен бірлесіп әзірленіп жатқан ақпараттандыру объектісіне қойылатын талаптарға ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен нақтыланған талдау жүргізу; • пайдаланылатын ақпараттандыру объектісін пысықтауға арналған өтінімде көрсетілген бизнес-талаптардың сипаттамасына сәйкес Басқарманың тікелей ақпараттандыру объектісін пысықтау бойынша міндеттерді қоюды қалыптастыруы (қажет болған жағдайда); • Басқарма тікелей ақпараттандыру объектісін әзірлеу және дамыту кезінде сынақтардың барлық түрлері үшін сынақтардың бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу; • ішкі нормативтік құжатта белгіленген тәртіппен бағдарламаға және сынақ әдістемесіне сәйкес ақпараттандыру объектісін сынаудың барлық түрлеріне жұмыс тобымен бірлесіп қатысу.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Телефон: +7(727) 312 24 40
Пошта: aissulu.ismagulova@kdif.kz