ҚДКБҚ «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына шамамен 1,6 млрд теңге төледі

ҚДКБҚ «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына шамамен 1,6 млрд теңге төледі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына шамамен 1,6 млрд теңге төледі. Қор депозиторлар алдындағы міндеттемелерін 90%-дан астамға орындады. Дегенмен, шоттарынғы қалдықтардың аздығынан әлі күнге дейін қаражатын алуға өтініш бермеген салымшылар бар. Бұрын ашылған шоттарының бар екенін ұмытып кеткен салымшылар немесе ашық депозиттердің бар екенін білмейтін мұрагерлер де бар. ҚДКБҚ «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына ағымдағы жылдың 3 шілдесінде кепілдік өтемақы төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.


Кепілдік өтемақыны төлеуге өтінімді агент-банк – «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелерінде, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтында онлайн режимде де беруге болады. Қашықтан қызмет көрсету үшін салымшының қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаcының (ЭЦҚ) болуы, бейне-сәйкестендіруден өтуі немесе ұялы телефон нөміріне келген SMS-кодты енгізуі, сондай-ақ кепілдік өтемақы төленетін банк деректемелерін көрсетуі қажет. Бұл жағдайда рәсім бірнеше минут алады. Толығырақ нұсқаулықтармен салымшылар осы жерде таныса алады.


«Егер салымшы ағымдағы жылдың 3 шілдесін қоса алғанда өтемақы төлеуге өтініш бермесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы БЖЗҚ-дағы оның жеке зейнетақы шотына ерікті зейнетақы жарнасы ретінде аударылады. Бұл үдеріс «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн алады, яғни, 2022 жылдың 2 тамызын қоса алғанға дейін жалғасады», - деп ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев еске салды.


Бұл ретте, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары төлем мерзімі аяқталғаннан кейін де кепілдік өтемақы алуға құқылы. Бұл құқықты келесі дәлелді себептермен ақшаны қайтаруға өтініш беріп үлгермеген салымшылар пайдалана алады:

  • салымшының әскери қызметке кіруі;

  • салымшының ҚР-нан тыс жерлерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

  • салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алуға немесе ашуға байланысты басқа да себептер;

  • сондай-ақ сотпен белгіленген өзге де мән-жайлар

Дәлелді себептері бар салымшылар банк түпкілікті таратылғанға дейін немесе олардың сомасы БЖЗҚ-ға аударылған болса, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқығы болғанға дейін ҚДКБҚ-ға жазбаша өтінішпен жүгіне алады. 2021 жылғы 3 шілдеден 2022 жылғы 3 шілдеге дейінгі төлем мерзімі ішінде кепілдік өтемақы алуға өтініш беруге кедергі келтірген дәлелді себептердің болуын растайтын құжаттар өзіңізбен бірге болуы керек.


Салымшылар қосымша ақпаратты info@kdif.kz электрондық поштасына сауал жіберу арқылы немесе @kdif_ask Telegram-чатында сұрақ қою арқылы ала алады. Сондай-ақ кепілдік өтемақыны төлеу тәртібімен қордың Kdif.kz ресми сайтынан толығырақ білуге ​​болады.