Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясын құру туралы

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы Алматы қаласының мамандандырылған экономикалық сотының 2021 жылғы 25 тамыздағы шешімі 2021 жылдың 5 қазанында заңды күшіне енді. Дәл осы күні банктің мүліктері мен қызметін басқару бойынша тарату комиссиясы құрылды.


Тарату комиссиясының депозит бойынша ҚДКБҚ кепілдік беретін өтем сомасынан артық ақшаны төлеуге қатысты жеке тұлғалар ме дара кәсіпкерлер алдындағы міндеттемелерін тарату комиссиясы Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар талаптарының тізіліміне дербес енгізеді. Бұл туралы ақпарат әрбір кредитордың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін көрсете отырып, жазбаша нысанда банк кредиторларының назарына жеткізіледі. Бұл ретте кредиторлар тарату комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.


Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – баспасөзде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. Өтініш (кінәрат-талап) еркін жазбаша түрде АҚ тарату комиссиясы төрайымының атына (Отцова А. Л.) жұмыс күндері сағат 09:00-дан 18:00-ге дейінгі аралықта жіберіледі.


Кредиторлардың талаптарында:

  • Т.А.Ә., кредитордың ЖСН-ы;
  • кредитордың пошталық деректемелері, байланыс телефондары;
  • қойылған талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса тіркеу арқылы, негізгі борыштың мөлшері туралы мәліметтер, сыйақылар, тұрақсыздық айыптары және басқа да айыппұл санкциялары көрсетіледі.


«Capital Bank Kazakhstan» АҚ (www.capitalbank.kz) ресми сайтында кінәрат-талаптың үлгісі орналастырылған. Оны жүктеп алып, толтыруға болады. Талап қою барысында кредитор жеке куәлігін ұсынады, ал оның мүдделерін басқа тұлғалар білдірген жағдайда – нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесі ұсынылады.


Кредиорлардың өтініштерін қабылдайтын Банк бөлімшелерінің мекенжайлары.

  • Басты кеңсе: Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 187Б;
  • Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал: Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин көш., 18, «7 құрлық» ТК, Е блогы, ВП:3.


Тарату комиссиясының жұмысына қатысты сұрақтар бойынша info@capitalbank.kz электрондық поштасына, +7 (727) 331-66-77 байланыс орталығының нөміріне, сондай-ақ +7(776)192-28-38 нөмірі бойынша Қордың Нұр-Сұлтан қ. филиалының жетекшісі Бердіқұлова Ақмарал Әбдібекқызына хабарласуға болады.


Айта кетелік, депозиттерінде кепілдік берілген шекті сомадан артық ақшалары бар салымшылардың (жеке тұлғалардың) талаптарын тарату комиссиясы банктің активтері мен мүліктерін сату нәтижесі бойынша төртінші кезекпен өтейді. Кредиторлардың тарату үдерісіндегі талаптарын қанағаттандыру мерзімі банктердің активтері мен мүліктерінің сапасына және оларды сату нәтижесіне байланысты.


Еске саламыз, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына «Еуразиялық банк» АҚ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу жалғасуда және ол 2022 жылы 3 шілдеде аяқталады.


Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz. сайтында қол жетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.