Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы болып Әділ Нұрланұлы Өтембаев тағайындалды

Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімімен 2020 жылдың 5 мамырынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасы болып Әділ Нұрланұлы Өтембаев тағайындалды. Ол сол шешіммен «ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.


Әділ Өтембаев 2001 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ саласындағы инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді. Ал 2012 жылы Массачусетс Технологиялық Институтының Альфред Слоун атындағы Басқару Мектебін (MIT Sloan School of Management) тәмамдап, Іскерлік әкімшілеу магистрі дәрежесіне ие болды.


2001-2006 жылдары Қазақстан Республикасының салық органдарында еңбек етті. 2006 жылдан 2015 жылға дейін жеке сектордағы компанияларда әр түрлі лауазымды қызметтер атқарды. 2015-2016 жылдары «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. 2016 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін - «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС (бұған дейін – Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС) Басқарма Төрағасы.