Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резерві 1 триллион теңгеден асады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) арнайы резерві 2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 1,176 трлн теңгені құрады.


Егер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк лицензиясынан айырылса, салымшылар алдындағы міндеттемелерді шұғыл түрде орындау үшін ҚДКБҚ өзінің арнайы резервінде қаражат жинақтайды. ҚДКБҚ құрылғалы бері 25 жыл ішінде өзінің арнайы резерінен салымшыларға 115 млрд теңгедей кепілді өтем төледі (олардың ішінде «Астана Банкі», «Qazaq Banki» АҚ, «Tengri Bank» АҚ секілді ірі банктердің салымшылары бар).


ҚДКБҚ деректері бойынша 2025 жылдың 31 наурызына қарай арнайы резерв депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары есебінен 44%-ға немесе 512 миллиард теңгеге қалыптастырылды. Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде жеке тұлғалардың жинақ ақшаларын сақтандыру жүйесін қаржыландыру банк секторының міндеті болып табылады.


Ал Қор активтерін инвестициялаудан түсетін табыс арнайы резервтің 54%-ын (639 миллиард теңге) құрайды.


Қордың арнайы резервінің инвестициялық портфелі ұлттық валютада және АҚШ долларында кредиттік рейтингі жоғары 8 түрлі активтерден тұрады.


Портфель құрылымының:


  • 63%-ы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облигацияларынан;

  • 11,5%-ы – ақша нарығының құралдарынан, Қазақстанның Ұлттық Банкінің депозиттерінен және шоттардағы ақшалардан;

  • 6,5%-ы – квазимемлекеттік сектор ұйымдарының агенттік облигацияларынан;

  • 4%-ы – халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларынан құралған.

  • Портфельдің валюталық бөлігі АҚШ Қазынашылығының облигацияларынан тұрады және портфелдьдің 15%-ына дейін құрауы мүмкін.


Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің сенімділігі Қор активтерінің жеткіліктілігі, тұрақты өсуі және сақталуы есебінен қамтамасыз етіледі. Сондықтан Қордың инвестициялық саясаты активтерді сенімділігі ең жоғары, тәуекелі төмен және өтімділігі жоғары деңгейдегі қаржы құралдарына инвестициялауды көздейді.


Арнайы резервті толықтыратын басқа да қаржы көздері – ҚДКБҚ-ның салымшыларға төлеген кепілді өтемі бойынша қойған талаптарын қанағаттандыру есебіне банктердің тарату комиссияларынан, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру туралы заңнамада қарастырылған басқа да бірқатар қаржы көздерінен түскен түсімдер.


Бұған дейін Қор қазақстандық салымшыларды қорғау үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан 173 млрд теңге көлеміндегі таза табысты ҚДКБҚ арнайы резервті ұлғайтуға жұмсау жоспарланғанын хабарлаған болатын. Осылайша ҚДКБҚ арнайы резервінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жақындады. ҚДКБҚ арнайы резерві жыл сайын Жалғыз акционер – Қазақстанның Ұлттық Банкінің шешімі бойынша бөлінбеген пайданың бір бөлігі есебінен толықтырылады.


Еске саламыз, елімізде ислам банктірен қоспағанда, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдайтын барлық банктер депозиттерге кепілдік беру жүйесіне міндетті түрде қатысады. ҚДКБҚ максималды кепілдік сомасы депозиттің түрі мен валютасына тікелей тәуелді және ол:


  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,

  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңгені,

  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.

 

Еске саламыз, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы әрбір банктегі депозиттер өз алдына бөлек қорғалған. Егер салымшының бір банкте әртүрлі бірнеше депозиті және солардың арасында жинақ салымы да бар болса, ҚДКБҚ жиынтық кепілдігі салымшының әрбір салымы бойынша белгіленген максималды кепілдік сомасын ескере отырып есептеледі және ол 20 млн теңгеден асырылмайды.


Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз: www.kdif.kz, 1460 (қоңырау шалу тегін).


2025 жылғы 2 мамыр