Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Агент банк «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына агент банк (ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ) арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. Яғни екі жылға созылған төлем барысында салымшылар 20,3 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл ретте өтем алуға бар болғаны 5,9 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы ғана өтініш берген.

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгінуге құқылы. Бұл үшін www.vtb-bank.kz сайты немесе 5050 қысқа нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға болады.

Еске саламыз, «Qazaq Banki» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карточкалық шоттарында ақшалары бар салымшылар (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бере алады. Кепілдік мөлшері:

  • ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден;
  • шетел валютасындағы қаражаттар бойынша (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша) – 5 млн теңгеден аспайды.
Салымшы депозиттерінің түрі мен валютасына қарай 15 млн теңгеге дейін кепілдік берілген жиынтық өтем ала алады.

Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:

  • Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 4 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 380 39 51;
  • Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет» БО, телефон: +7 (717) 291 92 60.
Депозиттер бойынша кепілдік беру мәселелері, өтем төлеу тәртібі бойынша «Qazaq Banki» АҚ салымшылары Қордың байланыс орталығына 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып,info@kdif.kz электрондық поштасы, www.kdif.kz сайты немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сауал жолдай алады.