Жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша келесідей ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері (Қормен ұсынылатын)
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (30.12.2015 ж. № 7 хаттама) жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша келесідей ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері (Қормен ұсынылатын) бекітілді:
Сыйақының номиналды жылдық мөлшерлемесі, теңгемен – 14%
Сыйақының номиналды жылдық мөлшерлемесі, шетел валютасымен – 2%
Бекітілген сыйақы мөлшерлемесінің қолданылуы 2016 жылдың 1-ақпанынан бастап Қордың Директорлар Кеңесінің және/немесе Акционерінің талабымен депозит нарығының конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында қайта қарастыру құқығымен енгізіледі.