Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Қазинвестбанк» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді


2018 жылдың 24 қаңтарында «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Естеріңізге саламыз: 2017 жылдың 23 мамырында «Қазинвестбанк» АҚ-ның активтері мен міндеттемелерін бір уақытта беру жөніндегі операция барысында жеке тұлғалардың депозиттері 100% «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-на берілді. Сонымен бірге, «Қазинвестбанк» АҚ қызметін тоқтату (тарату) туралы сот шешімінің заңды күшіне ену фактісі бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның (ҚДКБҚ) «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ның активтері мен міндеттемелерін бір уақытта беру операциясы өткен күннен кейін жеке тұлғалар шоттарына аударылған қаражаттар бойынша олардың алдында міндеттемелер пайда болды.

Аталған міндеттемелердің жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңгені құрайды, өтем алуға құқыға бар салымшылар саны – тәртіппен 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатымен жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 568,6 миллиард теңге.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесін қатысушы банктер арасынан агент-банк таңдап төлейді. Агент банкке қойылатын талаптар арасында – каржылық тұрақтылығы (конкурсқа қатысуға берілген берілген конкурстық өтінім беру күні алдындағы соңғы алты ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген пруденциялық нормативтерді және ең төмен резервтік талаптарды орындауы), агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген күнге үміткер банкке қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы, сондай-ақ депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеуге қажетті орындарда филиалдары болуы. Егер қатысушы банктердiң бiрде-бiреуi агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда, ҚДКБҚ төлемді ұйымдастыруды Ұлттық почта операторы – «Қазпочта» АҚ жүзеге асыратын болады.

«ҚДКБҚ» АҚ 15 күнтізбелік күн ішінде банк-агентті таңдау үшін конкурс жүргізеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2018 жылдың 13 ақпанынан кешіктірмей ҚДКБҚ банкт-агенттің атауын хабарлап және жеке тұлғаларға төлемнің басталуы туралы хабардар етеді.

Банк-агенттің атауын, төлем егжей-тегжейлігі мен мерзімін ҚДКБҚ агент банкпен немесе «Қазпочта» АҚ келісімге келу фактісі бойынша жариялайды. Еске саламыз, кепілдіктің ең жоғары сомасы ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

2016 жылы 26 желтоқсанда «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айрылды. «Қазинвестбанк» АҚ Уақытша әкімшілігімен және «Альфа- Банк» ЕБ АҚ арасындағы 2017 жылдың 19 мамырдағы шартына сәйкес портфель міндеттемелері, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, «БЖЗҚ» АҚ активтері «Альфа-банк» ЕБ АҚ берілді.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған еншілес ұйымы.

ҚДКБҚ кепілдік береді – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар салымдарына, барлық банк шоттарына (жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар т.с.с), банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан соң ақшалай жинақтарын қайтарады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

ҚДКБҚ кепілдігі заңнамалық тәртіпте жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).

Қосымша ақпарат - ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми интернет-сайтында. ҚДКБҚ мамандарынан мына телефондар арқылы ақыл-кеңес алуға болады: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 312 24 40, +7 (727) 312 24 41 (Алматы қ.).

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!