Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа
Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Құрметті «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары!

2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері Сіздердің «Валют-Транзит Банк» АҚ-тағы  депозиттеріңіз бойынша қосымша өтем алуға өтініштеріңізді қабылдауды бастады. Осы уақыт аралығында 2 мыңнан астам салымшы ақшасын алу үшін хабарласты. Қалған салымшылардың басым бөлігі келесі аймақтар мен қалаларға тиесілі: Қарағанды облысы және Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Орал, Өскемен қалалары. 

Осы орайда, депозиттер бойынша төлемдердің жалғасып жатқанын «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының естеріне саламыз. Депозит бойынша 5 миллион теңгеге дейін қалдықты алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің тізімімен www.kdif.kz сайтында немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шұғыл желі номірі 8 800 080 10 20  арқылы таныса аласыз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесінде келесі құжаттарды көрсету қажет:

жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
мұрагерлер үшін – мұраға құқығын растайтын құжаттар;
өкілдер үшін – нотариуспен расталған сенімхат;
Сіздің талап құқығыңызды растайтын өзге де құжаттар, жағдайға байланысты

Өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ-на барлық растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленетінін еске саламыз. 

Депозит калдығы туралы ақпаратты білу үшін Валют-Транзит Банк салымшылары келесі мекен-жай бойынша тарату комиссиясына хабарласа алады: Қарағанды қ. тарату комиссиясының бас кеңсесі, индекс 10000, Бұхар Жырау даңғылы, 51/1,  тел. 8(7212) 996405.

Толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ-ның шұғыл желі нөмірі арқылы 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден тегін) немесе агент банктің бөлімшелерінен алуға болады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!