Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының назарына!


2015 жылғы 25 маусымда ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды (ары қарай - Заң). Қазіргі уақытта аталған құжат Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.

Заң «Валют-Транзит Банк» АҚ-дағы депозиті 700 мың теңгеден асқан әр салымшыға («Валют-Транзит Банк» АҚ банкрот болған кездегі ең жоғарғы сома) бұған дейін өтелген кепілдік берілген соманы шегеруімен және есептелген сыйақысыз Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қаражаты есебінен қосымша кепілдік берілген өтем төлеуді қарастырады. Кепілдік берілген өтем сомасы бір салымшыға 5 миллион теңгеден аспайды.

Заң күшіне енгеннен кейін, 14 жұмыс күні ішінде конкурстық негізде агент банк таңдалып алынады. Агент банк туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында жарияланады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның 4995 салымшыларына кепілдік берілген өтемнің қосымша сомасын төлеуді жүзеге асырады. Алдын ала есеп бойынша әрбір салымшыға 4,3 млн. теңгеден аспау шартымен қосымша өтемдер сомасы 4,25 млрд. теңгені құрайды, өйткені банкті мәжбүрлеп тарату кезіне кепілдік беррілген өтем төлемдері бойынша міндеттеиелер сомасы 700 мың теңге болған. 

5 миллион теңгеден асатын салым сомасының қалдығы және ол бойынша есептелген сыйақылар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңында қарастырылған кезек бойынша «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның тарату комиссиясы арқылы төленетіндігін қосымша ескертеміз.

Қосымша ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мамандарынан 8 800 080 10 20 нөмірі арқылы (қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін), info@kdif.kz электронды поштасы арқылы және www.kdif.kz интернет-сайтынан ала аласыз.

Анықтама үшін: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ - екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Қор сот шешімі бойынша банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату жағдайында жеке тұлғалардың банктік шоттардың барлық түрінде орналастырылған, соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттардағы ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Кепілдік беру ұлттық және шетел валютасындаға депозиттерге таралады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!