Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы


«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ –ң әрбір салымшысының алдындағы міндеттемелер тізілімін теңгенің шетел валютасына қатысты сот шешімі заңды күшіне енген күнгі нарықтық айырбастау бағамының өзгеруін, салымдар бойынша сыйақы есептеуді және капиталға айналдыруды, депозиттердегі, оның ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, салымшылардың кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша банк алдындағы ақшалай міндеттемелеріне қатысты салымшыларды, сондай-ақ, банк лицензиясынан айырылғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шотына есептеуді ескере отырып қалыптастырады.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар, сондай-ақ, даулы мәселелер (салымшылар тізілімінің болмауы) бойынша «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы.

«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы барлық кредиторлардың, соның ішінде банк салымшыларының талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардың талаптары қолданыстағы банк заңнамасымен белгіленген реттілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкінің жеткіліктілігі мен сапасына, сондай-ақ, оларды іске асыру нәтижелеріне байланысты болады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – 2019 жылдың 18 қаңтар күнінен бастап 2019 жылдың 18 наурыз күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясының төрайымы Д. М. Зинуллинаның атына жолданып, кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

  • жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі),
  • банк шотының нөмірі (ИИК/IBAN) немесе банк шоты, банк салымы шартының нөмірі,
  • банктің кредитор алдында орындалмаған міндеттемелерінің сомасы (негізгі борыш пен сыйақы (тұрақсыздық айыбы мен басқа да айыппұлдық санкциялары, шығындар),
  • ақшаны шотқа енгізуге арналған төлем деректемелері,
  • пошталық деректемелер (индексі, мекенжайы).

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардың (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотының, банк салымының шарты, соттың заңды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардың келіп түскен өтініштерін қараудың максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясының филиалдарына жолдануы мүмкін:

  • Алматы қаласында: Көктем-2 ықшамауданы, 22, телефоны: +7 (727) 259 60 60,
  • Астана қаласында: Б. Момышұлы даңғылы, 14, 8-ҚҚ, телефоны: +7 (777) 154 88 79,
  • Ақтау қаласында: 4 ықшамауданы, 73-ғимарат, телефоны: +7 (7292) 70 10 25 (ішкі нөмір 15012, 15001),
  • Ақтөбе қаласында: Сәңкібай Батыр даңғылы, 249, телефоны: +7 (7132) 70 47 89, 70 47 62,
  • Атырау қаласында: Сәтпаев көшесі, 19, телефоны: +7 (7122) 55 80 21,
  • Өскемен қаласында: Орджоникидзе көшесі, 35, телефоны: +7 (7232) 56 09 96,
  • Қарағанды қаласында: Степной ықшамауданы 2, 6/1, телефоны: +7 (7212) 55 99 01 (ішкі нөмір: 16003, 16020, 16018),
  • Павлодар қаласында: Киров көшесі, 115/1, 33-ші н.п. телефоны: +7 (7182) 70 39 97 (ішкі нөмір: 17031, 17045),
  • Шымкент қаласында: Қонаев даңғылы, 13-үй, телефоны: +7 (7252) 99 71 80.

Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалаларда, «Астана Банкі» АҚ-ның салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде кеңес алуына болады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!