Бос қызмет орындары
  • Бас сарапшыға қойылатын талаптар:

    1)   жоғары қаржылық немесе экономикалық білім;

    2)   қаржы ұйымдарында жұмыс істеу өтілі кемінде үш жыл;

    3)   Қазақстан Республикасының банк заңнамасын білу;

    4)   микро және макроэкономика, статистика, корпоративтік қаржылар, қаржылық есепке алу, қаржылық менеджмент және тәуекел менеджмент салаларындағы білім;

    5)   навыки финансового анализа, владение количественными и качественными методами;

    6)   банктердің қаржылық ахуалын талдау және бағалау дағдылары;

    7)   талдауды сауатты жазу дағдылары және талдамалық мақалалар жазу;

    8)   ауқымды деректермен жұмыс істей білу: Microsoft Excel-де формулалар мен функцияларды пайдалана білу, макростарды білу құпталады;

    9)   ағылшын тілін білу құпталады.

     

    Функционалды міндеттер:

    1)   екінші деңгейдегі банктердің қаржылық ахуалын бағалау және қаржылық көрсеткіштердің даму барысына бақылау жүргізу;

    2)   депозит нарығы мен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерге талдау жасау;

    3)   заңнамаға, ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жобаларын әзірлеу;

    4) талдамалық мақалаларды, есептемелерді, жазбаларды, анықтамалық материалдар мен таныстырылымдарды дайындау.

  • Біліктілік талаптары мен дағдылары: • жоғары математикалық білім немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар мамандықтары бойынша білім, немесе жоғары қаржылық немесе экономикалық білім; • бизнес-талдаушы және (немесе) техникалық жазушы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; • техникалық (бағдарламалық) құжаттаманы табысты қалыптастыру тәжірибесі Міндеттері: • автоматтандыруды талап ететін бизнес-процестің иесі болып табылатын Қор бөлімшесінің қызметкерлеріне сұхбат жүргізу; • жобалау алдындағы зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, пысықтауға немесе дамытуға қойылатын жоғарғы деңгейлі талаптарды жасау; • ақпараттандыру объектісінің тұжырымдамасын қалыптастыруға қатысу; • Қордың алқалы органы және (немесе) ҚРҰБ үшін ақпараттандыру объектісінің тұжырымдамасы бойынша таныстыру материалдарын дайындау; • ішкі нормативтік құжатта белгіленген тәртіппен ақпараттандыру объектісін әзірлеу, дамыту, пысықтау, енгізу және сүйемелдеу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін техникалық ерекшелікті қалыптастыру рәсіміне қатысу; • техникалық тапсырманы әзірлеу сатысы шеңберінде жұмыс тобымен және орындаушымен бірлесіп әзірленіп жатқан ақпараттандыру объектісіне қойылатын талаптарға ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен нақтыланған талдау жүргізу; • пайдаланылатын ақпараттандыру объектісін пысықтауға арналған өтінімде көрсетілген бизнес-талаптардың сипаттамасына сәйкес Басқарманың тікелей ақпараттандыру объектісін пысықтау бойынша міндеттерді қоюды қалыптастыруы (қажет болған жағдайда); • Басқарма тікелей ақпараттандыру объектісін әзірлеу және дамыту кезінде сынақтардың барлық түрлері үшін сынақтардың бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу; • ішкі нормативтік құжатта белгіленген тәртіппен бағдарламаға және сынақ әдістемесіне сәйкес ақпараттандыру объектісін сынаудың барлық түрлеріне жұмыс тобымен бірлесіп қатысу.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Телефон: +7(727) 312 24 40

Пошта: aissulu.ismagulova@kdif.kz

Document