Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚР Ұлттық Банкінде «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларының депозиттеріне кепілдікпен өтемақы төлеудің тәртібін түсіндіріп берді


Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық Банкі, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өкілдерінің және «Қазинвестбанк» АҚ-тың уақытша әкімшілігінің қатысуымен БАҚ өкілдері үшін брифинг болып өтті.

Брифинг барысында спикерлер депозиттерді қайтару жөніндегі кепілдіктерді еске салды, сондай-ақ лицензиясынан айырылған Қазинвестбанктің салымшыларымен жұмыс тәртібінің қалай жүзеге асырылатынын журналистерге түсіндіріп берді.

Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған. Кепілдіктің ең жоғарғы шегі теңгемен депозиттер бойынша 10 млн. теңгеге дейін; шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн. теңгеге дейін.

«Кепілдік берілген сома шегіндегі міндеттемелер бойынша банктің барлық салымшылары мен клиенттері заңнамада белгіленген мерзімде өтемақы алады: ҚДКҚ соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде төлей бастайтыны туралы хабарлайды. Банктің салымшылары мен клиенттері ҚДКҚ салымшылармен есеп айырысу үшін агент етіп тағайындаған өз қаласындағы банк бөлімшесіне жүгіне алады, өтініш беріп, 5 жұмыс күні ішінде өтемақы алады», – деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы Бақыт Қоғылов, сондай-ақ барлық төлемдердің соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі бағам бойынша теңгемен төленетінін айтып өтті.

ҚДКҚ-да банктің өтемақы алуға құқылы 8 292 салымшысы мен клиентінің (жеке тұлғалардың) 99,7%-ы өтемақыны толық көлемде, қалған салымшыларының кепілдік берілген сома шегінде алатынын атап өтті.

«ҚДКҚ-ның төлем жасау жөніндегі міндеттемелері 768 млн. теңгені құрайды. Жеке тұлғалар алдындағы кепілдік берілген сомадан асатын міндеттемелер және есептелген сыйақы бойынша тарату өндірісі барысында тарату комиссиясы есеп айырысады – бұл міндеттемелер 4-кезекке жатқызылатын болады. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының салымшылармен есеп айырысуға арналған қаражаты 500 млрд. теңгені құрайды», – деп нақтылады Б. Қоғылов.

«Қазинвестбанк» АҚ-тың салымшылары депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша қосымша ақпаратпен, жаңартылған редакциядағы заңнамамен www.kdif.kz. сайтынан таныса алады. Мамандардың консультациясы «жедел желідегі» 8 8000 80 10 20 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) немесе +7 (727) 291 56 89 телефонымен беріледі.

Барлық мәселелер бойынша «Қазинвестбанк» АҚ-тың «жедел желідегі» +7 (727) 2619 060 (ішкі 5007) телефоны бойынша, Ұлттық Банктің Банктерді қадағалау департаментіндегі +7 (727) 270 48 93 телефоны бойынша, ҚР Ұлттық Банкі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 278 80 84 телефоны бойынша немесе «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Сонымен бірге салымшылар ҚРҰБ-ның Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіне алады. Анықтама үшін телефон +7 (727) 261 92 13. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс істейтін уақыты: күн сайын сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін (сағ. 12:30 – 14:30 үзіліс). Алдын ала жазылу талап етілмейді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!