Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Тұрақтылық пен банктерге деген сенімді нығайту шарасы ретінде салымшыларға өтемді жедел төлеу


2018 жылы қазақстандық банк секторы үш банкті мәжбүрлі түрде таратуға ұшырады – «Астана Банкі» АҚ, «QazaqBanki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ. Осы банктердегі жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттері, оның ішінде шоттардағы және банк карточкаларындағы ақша Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кепілдігімен қорғалған.

ҚДКБҚ төлемге дайындық бойынша барлық жұмысты сәтті өткізді және үш банктің клиенттері алдындағы өз міндеттемелерін уақытында орындады. Төлем басталғаннан кейінгі алғашқы күндері «Астана Банкі» АҚ салымшыларына міндеттемелердің бастапқы сомасының 82%, «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына – 40% төленді. Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларының алдындағы міндеттемелерін 98-ға, «Qazaq Banki» АҚ – 97%-ға, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ – 99%-ға орындады. 56,6 миллиард теңге көлемінде өтеу ҚДКБҚ резервінен төленді, ол жинақтау негізінде, негізінен банк секторының жарналары және активтерді орналастырудан түскен инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады. Мемлекеттік бюджет қаражатынан төлем жүргізуге рұқсат етілмейді.

Төлем белгіленген мерзімде басталғанына қарамастан, барлық қажетті рәсімдерді сақтай отырып, осы үш банктің тәжірибесінде депозиттерге кепілдік беру жүйесі өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салымшыларға өтем төлеу банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады. Осылайша, 286 мың адам – үш банктің салымшылары – банкілерді мәжбүрлеп тарату туралы істерді сотқа дайындау және қарау созылғанша 9–10 ай төлемді бастады деп күтті.

Бұл жағдайды кейбір салымшылардың лицензиясынан айырылған банктерге барлық жинақтарды орналастыруы қиындатты. ҚДКБҚ мамандары өтеуді төлеу басталғанға дейін барлық кезең ішінде @KDIF_ASK Телеграм-чаты арқылы салымшылармен байланыс жасады және «шұғыл желі» бойынша консультациялық көмек көрсетті, сондықтан ҚДКБҚ-на қымбат тұратын емді төлей алмаған, оқуды жалғастыра алмаған немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша мәмілені аяқтай алмаған салымшылардың проблемалары туралы тікелей белгілі. Қор, өз кезегінде, қажетті ресурстардың, бірінші кезекте – жеткілікті ақша резервінің болуына- қарамастан заңмен белгіленген мерзімде ақша төлеуді бастай алмады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесінде үздік әлемдік тәжірибе белсенді қолданылады,озық тәсілдер көзделген. Алайда өтемді төлеу мерзімін есептеу нүктесі жүйеге шын мәнінде тиімді болуға мүмкіндік бермейтін «әлсіз буын» болып қалады.

Біріншіден, өтемді төлеу сот шешімі заңды күшіне енгеннен бұрын басталуы мүмкін емес. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі төлем бастау үшін есептеу нүктесі болып табылады, бұл ретте міндетті шарт: бұл шешім заңды күшіне енуі тиіс. Таратылатын үш банктің тәжірибесі бойынша, банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған сәттен бастап банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 4–5 ай өтуі мүмкін. Ал сот шешімінің заңды күшіне енуін күту мерзімі жарты жылға дейін болуы мүмкін.

Бұл мерзім қазақстандық сот ісін жүргізудің ерекшеліктеріне байланысты: азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес азаматтық істерді сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 2 айға дейінгі мерзімде сот қарайды және шешеді. Бұл ретте азаматтық істерді дайындау талап-арыз өндіріске қабылданған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс, бірақ соттың ұйғарымымен бұл мерзім тағы 1 айға ұзартылуы мүмкін. Мұндай істер бойынша апелляциялық шағым жасау мерзімі 1 айды құрайды және сот шешімі бұл мерзім аяқталғанша заңды күшіне енбейді.

Екіншіден, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешіміне апелляциялық шағымдар берілуі мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың іс жүргізу мерзімдерін назарға ала отырып, кепілдік төлеуді күту уақыты банк лицензиясынан айырылған кезден бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін.

«Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімдеріне 11 апелляциялық шағым берілді, олар алдағы уақытта қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылды. Іс жүзінде, контрагенттердің оны жою туралы соттан тыс шешімге шағымдануы олардың алдындағы берешекті қайтару түрінде оң нәтиже бермейді және тек қана банк кредиторларымен есеп айырысу жүргізілетін ақшалай рәсімдерді кейінге қалдырады. Нәтижесінде банктердің 286 мың салымшылары үшін кепілдік төлеуді күту уақыты аппеляциялық өндіріс мерзімін есепке ала отырып ұлғайды.

Осылайша, төлемнің жеделдігін, дұрыстығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қажетті рәсімдерді төлеуге дайындау және жүргізу мерзімін ескере отырып, ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде өтем төлеуге кіріседі. Осылайша, салымшылардың кепілдік берілетін салым сомасын күту уақыты банк барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылған күннен бастап 9 айды құрауы мүмкін.

Іс жүзінде күту ұзағырақ болды, өйткені ақшаға қол жеткізудің нақты шектелуі проблемалық банк клиенттердің шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрған сәттен бастап пайда болды. Осылайша, «Астана Банкі» АҚ мен «Qazaq Banki» АҚ-да ақша алу бойынша шектеулер 2018 жылдың сәуірінде енгізілді. Осы уақыт аралығында банктердің басшылықтың, акционерлердің және Қазақстан Ұлттық банкінің тарапынан дәрменсіздігін реттеу жүзеге асырылғандықтан, салымшылар ақшаға қол жеткізуді күткен жалпы мерзім шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылған сәттен бастап 10 айды құрады.

Нәтижесінде, дәрменсіз банк салымшыларының кепілдік берілетін соманы төлеуді ұзақ күтуі әлеуметтік шиеленіс туғызады; проблемалы банктердің клиенттері банк жүйесіне деген сенімін жоғалтады; төлем ҚДКБҚ қаражатынан емес, таратылатын банктің мүлкінен жүзеге асырылатын болады немесе ҚДКБҚ-да ақша жоқ деген жалған пікір туындайды. Осы проблемаларды ескере отырып, өтем төлеу мерзімін қысқарту қажет. Егер сот талқылауын жүргізу уақытын қысқарту бірқатар объективті себептер бойынша қаралмаса, онда ҚДКБҚ салымшыларға өтем төлеуді бастайтын оқиғаны күнді? қайта қарау орынды болады.

Қазіргі уақытта банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні салымшыларға өтемді төлеуді бастау үшін есептеу нүктесі болып табылады. ҚДКБҚ банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырған күннен бастап, яғни банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен айтарлықтай ерте салымшыларға өтем төлеу басталатын мерзімді есептеуді ұсынады. Мұндай тәжірибе АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде, Ұлыбританияда, Кореяда, Сингапурда, Малайзияда қолданылады. ТМД елдерінде бұл тәсіл Ресей Федерациясы мен Беларусьте қолданылады. Депозиттерге кепілдік беру саласындағы халықаралық стандарттар қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау үшін кепілдік берілген депозиттер бойынша өтемді жылдам төлеуді қамтамасыз етуді ұсынады.

Проблемалық банкті реттеу процесін талдау банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау кезеңінен бастап оның төлем қабілетсіздігі кезеңіне дейін елеулі уақыт кезеңінен өтіп жатқанын көрсетеді, осы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі осы банкке қатысты түрлі ықпал ету шараларын (жағдайдың ауырлығына байланысты) қолданады. Банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру әрекет етуге қабілетсіз банкке қатысты реттеушінің қорытынды санкциясы болып табылады. Лицензияны кері қайтарғаннан кейін банк банктік немесе өзге қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, өйткені, оның салымшыларына ақшаны қайтару үшін сот шешімін күту қажет. Оның үстіне жеке тұлға клиенттерге кепілдік берілген өтемді төлеу ҚДКБҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады және тарату процесіне байланысты емес.

ҚДКБҚ -ның алдын ала есептеулері бойынша бұл жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеу уәкілетті мемлекеттік орган банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін екі айдан кейін басталуы мүмкін. Егер ұсынылып отырған тәсіл «Астана Банкі» АҚ қолданылса, салымшылардың өз ақшаларын қайтаруды күту мерзімі 70 күнге қысқарар еді.

Сөзден іске кірісейік: ҚДКБҚ таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу тәртібі мен мерзімін өзгертуді көздейтін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдарға міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірледі. Ұсынылған түзетулерге сәйкес Банктің барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айыру күні өтемді төлеуді бастау үшін есептеу нүктесі болып табылады. ҚДКБҚ дайындық жұмыстарын жүргізу үшін ақылға қонымды мерзім көзделген.

Сонымен қатар, салымшылар үшін жағдайды едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін тетік ұсынылды, бірақ қаржылық тұрақтылық контекстінде оны іске асыру бейтарап әсер етеді, өйткені қадағалау органының проблемалық банкті лицензиядан айыру туралы шешімін заң жүзінде даулау мүмкіндігін қарастырады. Басқаша айтқанда, лицензиясы қайтарып алынған банктің салымшыларына өтемді жедел төлеу, егер мұндай банк уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен дауласа және қаржы нарығындағы операцияларды жалғастырса, банк жүйесіне деген сенімді жақсартпайды. Әлемнің көптеген елдерінде қаржылық тұрақтылық жөніндегі Кеңестің ұсынымдарына сәйкес қадағалау шешімін жою және лицензияны қайтару орын ақшалай өтемақы көзделген, егер қадағалау органы қабылдаған іс-әрекеттер оның өкілеттігінен тыс шыққаны және қаржылық тұрақтылықты сақтау, салымшылар мен кредиторларды қорғау міндеттеріне сәйкес еместігі дәлелденген жағдайда төленеді.

Дәрменсіз банктің салымшыларына жинақтарды барынша жылдам қайтару әлеуметтік және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған шағын, бірақ маңызды қадамдардың бірі болып табылады, өйткені дағдарыс жағдайында банктің дефолтындағы ықтимал шығындарға байланысты азаматтардың алаңдаушылық деңгейін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

ҚДКБҚ-ның ұсыныстары қазірдің өзінде Қазақстанның Ұлттық Банкінен қолдау тапты.

Қазіргі уақытта бұл түзетулер Қазақстан Ұлттық Банкі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және микроқаржы қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!