Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Сот «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады


2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді. Банктің клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқылы.

Кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің шамамен сомасы – 130 миллион теңгені құрайды; өтемді алуға құқығы бар клиенттер – жеке тұлғалар саны – 2 239 адам.

Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 571,6 миллиард теңге.

Кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы құрайды:

  • теңгедегі депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.

«Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер арасынан «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу үшін агент банкті таңдау бойынша конкурс өткізеді. Агент банкке қойылатын жалпы талаптар арасында: каржылық тұрақтылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыруға қажетті филиалдар мен кеңселердің болуы.

Анықтама

2017 жылдың 02 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының № 194 қаулысына сәйкес «Delta Bank» АҚ-ның банктік және өзге операцияларды жүргізуге берген лицензиядан 2017 жылғы 3 қарашадан бастап айыру туралы шешім қабылданды. ҚРҰБ Төрағасы Бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған «Delta Bank» АҚ барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік құрамына ҚРҰБ мен «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қызметкерлері кірді.

Банктің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан; банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.

ҚДКБҚ кепілдік береді – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жеке тұлғалар салымдарына, барлық банк шоттарына (жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар т.с.с), банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан соң ақшалай жинақтарын қайтарады. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

ҚДКБҚ кепілдігі заңнамалық тәртіпте жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күнгі баламада).

Қосымша ақпарат ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми интернет-сайтында. ҚДКБҚ мамандарынан мына телефондар арқылы ақыл-кеңес алуға болады: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін), | +7 (727) 312 24 40, +7 (727) 312 24 41 (Алматы қ.).

Заңды тұлғалар сұрақтары бойынша: +7 (727) 2 448 555.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!