Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттік портал – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған қор

Депозитті онлайн таңдаңыз

 

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 8 800 080 10 20
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

«Депозиттерді сақтандыру ұйымдарының алдында тұрған ағымдағы мәселелер» атты 3-Халықаралық зерттеу конференциясы өтті


2015 жылғы 1-4 маусым аралығында Базель қ. (Швейцария) Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (ДСЖХҚ) Атқарушы комитетінің жалпы жиналысы өтті. Жиын шеңберінде «Депозиттерді сақтандыру ұйымдарының алдында тұрған ағымдағы мәселелер» атты 3-Халықаралық зерттеу конференциясы өтті. Оған әлемнің 50 елінен депозиттерді сақтандыру ұйымдарының 160 өкілі қатысып пікір алмасты және депозиттерге кепілдік беру бойынша алдыңғы қатарлы ұйымдардың тәжірибелерін үйренді.

Конференция қаржылық тұрақтылықты тиімді қамтамасыз ету үшін депозиттерді сақтандыру ұйымдарында кездесетін мәселелерді түрлі қаржылық құралдарды қолдана отырып шешетін ағымдағы мәселелерді талқылауға арналды. Конференция барысында келесі өзекті сұрақтар қарастырылды – қаржылық дағдарыс әсерінен туған мәселелер, нарықтық тәртіп және борыштық кепілдемелер, дамыған депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің өзгермелі құзыреттіктері, қаржы реттеушілеріне арналған зерттеу құралдары, қаржылық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесінің келешегі.

ДСЖХҚ 2002 жылы құрылған. Қазіргі таңда әлемнің 76 елінен 79 депозиттерді сақтандыру ұйымдары оның мүшелері болып табылады. ДСЖХҚ Швейцарияның Базель қ. орналасқан коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның негізгі миссиясы халықаралық ықпалдастықты дамыту және тәжірибе алмасу арқылы ұлттық депозиттерді сақтандыру жүйелерінің тиімділігін арттыру болып табылады. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Қауымдастықтың тұрақты мүшесі және ДСЖХҚ-ның жұмысына 2003 жылдан бері белсенді араласып келеді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!