Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Депозиттер бойынша кепілдік

KDIF қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Депозиттерге кепілдік беру қоры 1998 жылдың ресейлік дағдарыстың салдарынан қажеттілігі туындаған халықтың банктегі депозиттерін қорғауын қамтамасыз ететін механизмін құру арқылы елдің банк жүйесіне сенімді арттыру үшін құрылған. Қазақстанның қаржыгерлерінің 1 конгресінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүйелік шаралар кешенін әзірлеп, оладры жүзеге асыруды тапсырды, соның ішінде халықтың депозиттеріне ұжымдық сақтандыру жүйесін құру.

 

 

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстанның жеке тұлғалар салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының №393 қаулысына сәйкес құрылған, коммерциялық емес болып табылады.

Қордың құрылтайшысы – жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

2010 жылдың 24 қыркүйегінде жалғыз акционердің шешіміне сәйкес Қордың атауы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» болып өзгертілді.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі қағидалары

  • Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі
  • Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету
  • Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді азайту
  • Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервті қалыптастырудың жинақтаушы сипаты

Қордың негізгі міндеттері

  • Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу
  • Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады

Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге барынша қызмет көрсетуге, банк жүйесіне сенімді қолдау бойынша мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған.

Қордың негізгі функциялары

  • Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банкінің мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу
  • Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізу. Өз активтерін инвестициялау
  • Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервін қалыптастыру
  • Конкурстық негізде агент банкті таңдау
  • Қатысушы банкті консервациялау, сондай – ақ барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыруға байланысты тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысу
  • Тарату комиссиясы Қор алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының, сондай – ақ кредиторлар комитетінің құрамына қатысу

Қордың стратегиялық міндеттері

  • 2030 жылға дейін қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын депозиттерге міндетті кепілдік беру саласында заңнаманы, соның ішінде Қорға проблемалық банктерді тарату және олардың дәрменсіздігін реттеу жөніндегі функцияларын беру бөлігінде, жетілдіру арқылы жүзеге асыру
  • Қордың депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді уақытылы және дұрыс төлеу бойынша өзінің негізгі функцияларын орындауға шұғыл әзірлігін қамтамасыз ету
  • Қордың арнайы резервін толықтыру және Қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру механизмдерін жетілдіру
  • Депозиттер, сондай-ақ сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша кепілдік беретін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау интеграциялық жүйесін (Integrated Protection Scheme) енгізу мәселесін анықтап алу
  • Заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының ағымдағы шоттарына кепілдікті тарату (шағын бизнестегі әлеуметтік – мәнді топтары)
  • Қор қызметіндегі тәуекелдер талдауын және бақылауын күшейту
  • Депозитторлардың хабардар болуын арттыруға, сондай-ақ олардың депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қызмет ету қағидаларын түсінуіне бағытталған жұмысты күшейту

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!