Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Қазақстан Республикасындағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған болатын


Тұңғыш Президент саясаттың негізгі басымдықтары әр адамның әл-ауқатын арттыру мен қаржылық дербестігін қамтамасыз ету болды. Осы басымдықтардың орындалуы қаржы жүйесіне деген сенімнің артуы, халықтың жинақ ақшасының өсуі, азаматтар ақшасының сақталуы мен елдегі қаржылық тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі сияқты міндеттері арқылы қамтамасыз етілді.

Осылайша, Тұңғыш Президенттің ұзақ мерзімді стратегиялық әлеуметтік бастамаларының бірі азаматтардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесін құру болды. 1999 жылдың 15 қараша күні Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) өз қызметін бастады. Осылайша, Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістіктегі депозиттерге кепілдік беру жүйесі пайда болған екінші мемлекет болды. ТМД-нің басқа елдеріне қарағанда, бұл 3–9 жылға ертерек орын алды.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы 2006 жылы қабылданған заң тұрақты әрі әділ жүйені дамытуға арналған негізді қалаған басты саяси шешім болды. Бұл заң әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. 20 жылдық қызметі ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйесі азаматтардың әл-ауқатының артуына және, жалпы алғанда, қаржылық жүйесінің дамуына елеулі үлесін қосты.

Құрылған күннен бастап, депозиттерге кепілдік беру жүйесі азаматтардың банктердегі депозиттердің барынша сақталуын қамтамасыз ету сияқты Тұңғыш Президенттің міндетін біртіндеп іске асырып жатыр. Осылайша, 2003 жылы кепілдік сомасы 400 мыңнан бүгінгі күнге дейін 15 миллион теңгеге (ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетелдік валютадағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге) дейін айтарлықтай ұлғайды. Елдегі қаржылық тұрақсыздығының түрлі кезеңдерінде кепілдіктің жоғары деңгейі банк секторының тұрақтығын ұстап, азаматтардың қаржылық жүйеге деген сенімін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

2015 жылы депозиттер бойынша кепілдік сомасының бестен он миллион теңгеге дейін ұлғаюы экономиканы долларсыздану саясатын іске асыру шараларының бірі болды. Теңге мен шетелдік валютадағы депозиттер бойынша кепілдік сомалары арасындағы айырмашылық, теңгедегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайту мен айырбастау бағамымен байланысқан жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралармен бірге халықтың жинақ ақшасының долларсыздану деңгейінің 80,4%-ды құрайтын тарихи максимумынан (2016 жылдың қаңтар айындағы) бүгінгі 45%-ға дейін төмендеуіне септігін тигізді. Оған қоса, теңгедегі депозиттер бойынша ұлғайтылған сыйақы мөлшерлемелері талап етілмей, бірте-бірте төмендеп жатыр. Себебі, банк шоттарының 99,9%-ын иеленетін азаматтардың көбісі үшін теңгедегі салымдар жинақ ақшаның 2/3 астам үлесін қамтып жатыр. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларсыздануы іс жүзінде орын алып, бүгінгі таңда банк секторының тұрақты қорландыру базасының құрылуы депозиттерге кепілдік берудің стратегиялық бағытына айналып жатыр.

Елдің 20 жылдық дамуы ішінде азаматтардың табысы да өсті. Орташа айлық жалақы 13 есе ұлғайды. 2000 жылдардың басында бір жұмыскердің орташа жалақысы 11 864 теңгені құраса, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша бүгінгі күні бұл көрсеткіш 162 267 теңгені құрады. Халықтың табыс деңгейінің өсуіне және күшті мемлекетке сенім артуға бағытталған саясаттың арқасында банктерге жинақ ақшаның тұрақты ағымы қамтамасыз етілуде. ҚДКБҚ деректері бойынша өтіп кеткен 20 жылда халықтың жинақ ақшасының жиынтық табысқа арақатынасы тоғыз есе ұлғайды.

Депозиттер бойынша кепілдік сомасының жоспарлы артуы мен азаматтардың әл-ауқатының жалпы өсуі халықтың банктердегі депозиттер көлемінің ұлғаюына импульс берді. Депозиттерге кепілдік беру жүйесін құрған сәтте, жеке тұлғалардың депозиттері шамамен 30 миллиард теңгені құраса, бүгін 8,5 триллион теңгені құрайды. Жеке тұлғалар депозиттерінің банк секторының салыстырмалы негізгі көрсеткіштерінің көрсетеді: 2000 жылдардың басынан бастап банктердің жиынтық активтеріндегі депозиттердің үлесі 2019 жылдың наурыз айына қарай 16%-дан 35%-ға дейін 2 есе өсті. Қазақстанның экономикасына қатысты депозиттік базаның да өсуі байқалып тұр: 1999 жылдың соңына қарай ЖІӨ-ге қатысты жеке тұлғалардың депозиттері 3%-ды құраса, 2018 жылы бұл арақатынас 15%-дан асатын көрсеткішті құрады. Тұңғыш Президенттің халықаралық стандарттарды сақтау мен банктердегі салымдардың қорғалуын бұдан әрі күшейту бойынша тапсырмасы азаматтар депозиттерінің айтарлықтай өсуіне септігін тигізді: 20 жыл ішінде халықтың депозиттері абсолюттік көрсетілуінде 165 есе өсіп, ЖІӨ 29 есе ұлғайды.

Соңғы жылдары халықтың депозиттері корпоративтік сектор депозиттерімен паритетке жетіп, бүгінгі таңда банк міндеттемелеріндегі жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 78,5%-ды құрайды. Осылайша, қазір экономиканың шынайы секторының өсуі айтарлықтай дәрежеде депозиттер есебінен қаржыландырылып, сыртқы қарыздар елдің банк секторына енді қауіп төндірмейді. Сыртқы қорландыруға шектеу қойылған сәттен бастап, банк секторы «ешбір ауыртпалықсыз» ішкі қорландыруға ауысты.

Елбасы тарапынан қолдау көрсетілген депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңмен белгіленген депозиттерге міндетті кепілдік беру қағидалары мен қор статусы өз тиімділігі мен маңыздылығын дәлелдейді. Осылайша, ҚДКБҚ ресурстарының өсуі, негізінен, банк секторының салымдары, инвестициялық табыс пен Ұлттық Банктің ҚДКБҚ капиталына құйған ақшасы арқасында құрылды. Қордың алғашқы қызмет ету жылы кепілдік беру жүйесінің резервтері барлық депозиттердің 2%-нан аспайтын мөлшерін өтеп, 20 жыл ішінде бұл көрсеткіш 750 есе ұлғайды. Бүгінгі таңда ҚДКБҚ-нің 751 миллиард теңге көлеміндегі «қауіпсіздік көпшігі» бар, бұл жеке тұлғалардың депозиттік базасының шамамен 2%-ын өтеуге мүмкіндік береді. Кепілдік массалық сегментте ерекше тиімді болады: Екінші деңгейлі банктердегі азаматтардың депозиттік шоттарының 99,7%-ы толық көлемде кепілдікпен қорғалып, солардың 95%-ы ұлттық валютадағы депозиттер.

20 жылдың ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйесі өз әрекеттілігін көрсетті: таратылып жатқан жеті банктік салымшылары болып табылатын 720 мың қазақстандық өтемақы алған болатын. Жалпы төленген сома 75 миллиард теңгені немесе төленуі тиіс жалпы соманың 97%-ын құрады. ҚДКБҚ қаражатынан төленген төлемдердің шыңы 2018–2019 жылдары орын алды: ҚДКБҚ бес банктің салымшылары алдында 56 миллиард теңге сомасындағы өз міндеттемелерін орындады. ҚДКБҚ-нің өз міндеттемелерін уақытылы әрі тиімді орындауымен қатар, 2015 жылы Тұңғыш Президенттің тағы бір маңызды әрі әлеуметтік-бағытталған шешімі қабылданды – «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына қосымша кепілдік өтемақы төленді. Депозит сомасы максималды кепілдік сомасынан асқан осы банктің шамамен бес мыңға жуық салымшысы әлдеқашан төленген өтемақының үстінен 5 миллион теңгеге дейін қосымша өтемақы алған болатын. Әлемдік практикада бұл бастамаға ұқсас әрекет болған жоқ.

Бүгінгі таңда ҚДКБҚ ҚР Ұлттық Банкімен бірге өзінің басты миссиясын халықтың банк жүйесіне деген сенімін қалпына келтіру мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты Елбасы тарапынан белгіленген басты міндетпен байланыстырады. Ол үшін ҚДКБҚ кепілдік сомаларын төлеу, резервтерді ұлғайту, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру міндеттемелерінің уақытылы орындалуы бойынша жұмысын күшейтуге ниет білдіруде. Ұзақ мерзімді перспективада осы шараларды іске асырудан болатын әсер қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігінің артуына, ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының өсуіне әкеп соқтыратын болады.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!